«Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашылар оқпен жараланған өзбекстандықты ұстады

Қазақстан шекарашылары Өзбекстанның оқпен жараланған бір азаматын ұстады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жібек жолы» (Түркістан облысы) бақылау-өткізу бекетінде Өзбекстанға өтуді көздеген 29 жастағы өзбекстандық ұсталды. Оның мобильді телефонында Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде түсірілген видеоматериалдар болды. Арқасында оқтан қалған жара бар (резіңке оқ ізі болуы мүмкін)», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталған өзбекстандық Сарыағаш ауданы полициясының қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі де қазақстандық шекарашылар ұстаған өзбекстандық туралы мәлімет таратпады.

Еске салайық, 2 қаңтарда Қазақстанның батысында газдың қымбаттауына қарсы наразылық басталып, оларды басқа да өңірлер қолдап шықты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойып, құқық қорғау органдары мен әскерге ескертусіз оқ атуға рұқсат берді.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде 9,9 мың адам ұсталып, жүздеген қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы наразылық кезінде кем дегенде 225 адам қаза тапқанын хабарлады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий