Ресей мемлекеттік думасының депутаты, РЛДП жетекшісі Владимир Жириновский Бірінші арна эфирінде Украинан 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні бомбалауды ұсынды.
Ресейлік саясаткер президент қызметін атқарғанда, осындай бұйрықты ойланбастан беретінін мәлімдеді. «Таңғы сағат төртте, жұрттың бәрі қызып алған уақытта», — деді депутат.
Бұның алдында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинаны Ресейге немесе Шешенстанға «қосу мәселесін шешуге» дайын екенін мәлімдеп, оған осындай тапсырма берсе, мәселені баяғыда-ақ шешіп берер едім деп айтқан.
Ресей мен Украина шекарасындағы жағдай шиеленіскен уақытта ресейлік саясаткерлердің ащы мәлімдемелері жиіледі. Батыс арнайы қызметтері Мәскеу көрші елге басып кіруге дайындалып жатыр деп ескертті. Кремль соғысқа дайындалғаны туралы айыптауларды жоққа шығарып отыр.