Жириновскийге жауап

Әрине! Жирик сияқтыларға қарсы мен де үйде отырып бұрқыратып пост жазуыма болар еді. Бірақ, одан ресей саясаткерлерінің мұртын қисайта алмасым белгілі.

Қап! Енді қайтсем екен деп тұрғанымда, солтүстікке қоныс аударған Серік Өтебай бауырым хабарласып, оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасын насихаттау мақсатында Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарынан арнайы делегация Түркістан облысының аудандарын аралап жүргенін жеткізді.

Дереу үш облыстың делегация басшыларын тауып алып, Шымкент қаласына да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұсындым.

Өйткені, Түркістан облысының тұрғындарының 30%-ға жуығы, аудандарда тіркеуде тұрғанымен Шымкент қаласында жұмыс істейді. Нағыз үй алғысы келетіндер мен өз кәсібін бастағысы келетіндер осылар. Бірақ, аудандарда жасаған үгіт-насихаттарыңыз қалада тұрақты-тұрақсыз жұмыс істеп жүрген азаматтарға жетпейтіндігін түсіндірдім.

Бірақ, өкінішке орай делегация тек облысқа келгендіктен Шымкент қаласыда іс-шаралар өткізу жаспарларына енбеген екен.

Содан, делегацияның 8-ші сәуірде бос күндері барын біліп, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  мырзаға хабарласып мән-жайды түсіндіріп, өздері келіп тұрған үш облыстың делегацияларын барынша пайдаланып, Шымкент қаласында түсіндірме жұмыстарын жүргізулеріне көмектесуді сұрандым. Шыңғыс мырза ұсыныстың маңыздылығын бірденнен түсініп, осы іске әкімшіліктің бүткіл ресуросын қажетінше пайдалана беруіме болатындығын, барынша қолдайтындығын жеткізді.

Мынандай қолдаудансоң ұрыста тұрыс жоқ, ішкі саясат басқармасы басшысы Мәди Манатбек мырзамен бірге, Жұмыспен қамту орталығы және Шымкент қаласының төрт аудан әкімдерінің орынбасарларынан жұмысшы тобын құрып, жұмыс жоспарын бекітіп алып іске шұғыл кірісіп кеттік.

Өйткені, дайындыққа бір-ақ күніміз бар болатын.

«Оңтүстік» ТВ-ның басшысы Уәли Қыдыров ағамызға хабарласып, үгіт-насихаттың маңыздылығын түсіндіріп, телеканалында арнайы бағдарлама ұймдастырып беруін өтінгенмін. Уәкеңнің атасына рахмет! Екі сөзге келмей бірденнен қолдап, таңғы бағдарламаға келіп тікелей эфирде сұрақтарға жауап берулеріне де болатындығын жеткізді.

Шымкент қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Мәди Манатбек мырза жұрналисттермен үлкен брифинг және «Отырар» ТК-да тікелей эфирде бір сағаттық бағдарлама ұйымдастырып беруді, ал, Абай ауданы, Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасарлары өз қарамағындағы көшуге ниетті азаматтардың тізімін шұғыл жасақтап, арнайы делегацияның жеке қабылдауын ұйымдастырып беруді мойындарына алды. Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығының орынбасары Шағдат Әсетұлмен бірге, жақында ғана аналарымыздың мәселесімен айналысу мақсатында ашылған Шаңырақ Орталығына барып, үй кезегіне тұрғызу санатына кірмейтін жұмыссыз аналар мен отбасылардың, солтүстіктен келген делегациямен кездесуін ұйымдастырып беруді ұсындық.

Орталық басшысы Калымбет Исламбекулы бірденнен қолдап, барынша көмегін аямайтындығын, әріқарай да бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Осылай барлық жоспарымызды шегелеп алып, таңнан кешке дейін:

1) «Оңтүстік» ТВ таңғы бағдарламада тікелей эфир.

2) «Шаңырақ» аналар орталығында кездесу

3) Шымкент Әкімшілік ғимаратында баспасөз брифингі

4) Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандарының тұрғындарымен (әр ауданда жеке) жеке қабылдау өткізіп,

5) «Отырар» ТК-да тікелей эфирде бір сағаттық арнайы бағдарламада сұрақтарға жауап беріп, мемлекетіміздің өте маңызды стратегиялық бағдарламасына өзіміздің тамшыдай болса да үлесімізді қостық.

Әр жұмыстың өз нәтижесі болуы керек. Осы атқарған жұмыстарымыздың әсерін білу үшін делегация басшысы Есембаева Меруерт ханымға хабарласқанымда, соңғы үш күнде Шымкент қаласынан 300-ден астам азамат хабарласып өздерінің солтүстікке көшуге ниеттерін білдірсе, оның 30-ға жуығы алдағы он күнде солтүстікке көшуге көмектесулерін сұраған екен.

«Шаңырақ» орталығына да хабарласып, бағдарлама мен танысуға келушілер көбейіп, қауырт жұмыс басталып кетіпті.

Мінекей!

Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей біздің қалаға тікелей қатысы болмаса да, мемлекеттік бағдарламаға өз үлесімізді қосу үшін Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе атқарған 2-3 күндік жұмысымыздың нәтижесі осындай болып отыр. Бұл бағыттағы жұмысымызды бұдан әрі үдете түсетінімізге сенімдімін.

Рүстем Ашетаевтың жазбасы

Abai.kz

Комментарий (0)
Добавить комментарий