Владимир Жириновский. Фото: ru.oxu.az
Ресейдің Либералды-демократиялық партия көшбасшысы Владимир Жириновский еркектермен ендігәрі бір бассейнде шомылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ойынша, БАҚ өкілдері еркектің басқа ер азаматтармен бірге бассейнде шомылғанын көрсе, мұны бірден бұрыс қабылдайтын көрінеді.
«Жалаңаш денені оңайлықпен қабылдай алмайтындарын ескерсек, суға түсуге арналған іш киімді айтамын, біз ендігәрі олай жасамайтын боламыз», — дейді Жириновский.
«Енді ешқашан еркектермен бірге шомылмаймын», — дейді ол.