Заседание Верховной Рады, 13 мая 2020 года
Украина Жоғарғы Радасы ресейлік армияның, Ресейдің саяси және әскери басшылығының әрекеттерін украин халқына жасаған геноцид деп танитын жарлық қабылдады. Бұл туралы Рада сайтында хабарланды.
Құжатты депутаттардың 363-і қолдап дауыс берді.
«Ресей қарулы күштерінің әрекеті қылмыстық агрессия ғана емес, оның мақсаты — украин халқын жою», — делінген жарлық түсіндірмесінде.
Құжатта Рада депутаттарының үндеуі БҰҰ, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, Еуропарлаент, ЕҚЫҰ және НАТО ұйымдарына, сонымен бірге мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттеріне жолданатыны айтылған. Рада олардан ресейлік әскердің Украинадағы әрекетін украин халқына жасалған геноцид деп тануын сұрайды.
Бұған қоса, Украина парламенті Z және V белгілеріне тыйым салу туралы жарлық қабылдады. Оларды киімге, әлеуметтік желіге, БАҚ-қа, жарнамаға, қоғамдық орындарда жазуға болмайды.