Ернар Айдан Сәкен Майғазиевпен және Мөлдір Әуелбековамен бірге
Бұл туралы Сәкен Майғазиев өзінің желідегі парақшасында хабарлады.
«Аса құрметті Ернартайдың тілеулестері, бауырымыздың беті бері қарап, сіздерге дұғай сәлем жолдап жатыр. «Алладан бұйрық келсе, бүкіл арман, мақсат, жоспарларыңды 10-15 секундта-ақ өзгертіп тастайды екен…», — дейді сынаққа сына қоймайтын, руxы биік бауырымыз.
Мөлдірдің шашақ сырғасына қайта-қайта қарап, балаша күліп, көңілі көтеріліп қалды. Аман болайық, ағайын», — деп жазды әнші.
Сонымен бірге ол онымен бірге түскен суретін де жария етті.
Желі қолданушылары әншінің сауығып кетуін тіледі.
Еске салсақ, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні Алматы-Шымкент бағытында жол тартқан Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түскен болатын. Ол бірнеше күн бойы есі-түзсіз жансақтау бөлімінде жатып, кейіннен есін жиған болатын. Оның директоры Жазираның айтуынша, оның омыртқасы бірнеше жерден сынған.