Жолда құлағанына күйінген спортшы велосипедін қақ бөліп тастады (видео)

Ызаланған спортшы. Скриншот видео

Миланда велосипедші Джереми Сантучи (Jeremy Santucci) жарыс жолында қапталға соғылып, велосипедімен ұшып түскен деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Жеңістен дәмелі болған ол жарыс жолынан осылай шығып қалғанына қатты күйінсе керек, көрермендердің көзінше көтеріп келген велосипедін жерге атып ұрып, қақ бөліп тастаған.

Біреулер оның велосипедті «шашып» тастаған күшіне таң қалса, екінші біреулері велосипедтің апатқа ұшырағанда қаусап қалғанын айтуда.

Ашуын ұстай алмаған спортшының өзі: «Ақтық сынға шығу үшін жыл бойы дайындалып, пульс жиілігі 190-нан жоғары болып тұрған кезде жарыстан осылай шығып қалу өкінішті», — деп көрермендерден кешірім сұраған.

Велосипед оның өзінікі емес, досынікі екен.

Видео Facebook-тегі  The Wonderful Socks парақшасынан алынды

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий