Белгілі қазақстандық журналист Динара Егеубаева мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Ол бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол №5 сайлау округінен тіркелді. Бұған Алматыдағы Медеу, Бостандық және Нурызбай аудандары жатады.
«Иллюзия жоқ, билік ескі схема бойынша жұмыс істейді. Сондықтан оны сындыруға тырысамыз. Көп нәрсе тәуелсіз бақылаушыларға байланысты», — деді Динара Егеубаева.
Динара Егеубаева Қаңтар оқиғасынан кейін зардап шеккендерден сұқбат алып, белсенді түрде зерттеу жүргізіп келеді.
14 қаңтарда Динара Егеубаева өзінің көлігін белгісіз біреулер өртеп жібергенін хабарлады. Ол мұны өзінің өміріне қастандық ретінде бағалады. 5 ақпанда әлдекімдер ұлын тапаншамен қорқытқанын мәлімдеді.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталды. Енді 18 ақпанға дейін тіркеу процесі жүреді.
29 мажоритарлы бір мандатты сайлау округына 609 үміткер тіркелген. Оның 79-ы партия арқылы, бесеуі қоғамдық ұйымдар атынан өтініш түсірсе, қалған 525-і өзін-өзі ұсынған.