Фото: Youtube желісінен скриншот
Қытайдың Бейхай округіне қарасты қонақүйлердің бірінде демалуға келген қос ғашық жыныстық қатынасқа түсу кезінде айқайлап, бүтін бір ғимаратты басына көтерді.
Бұл туралы Lenta.ru Мetro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Лэй Моу (Lei Mou) мен сүйіктісінің айғайы қатты болғаны соншалық, олардың бөлмесінің алдына қонақүйде демалып жатқан бір топ адам шағым айтуға жиналыпты.
Қонақтар қос ғашықтың дауысынан ұйықтай алмапты.
Басылымның хабарлауынша, Чжан есімді қонақтардың бірі ғашықтардың бөлмесінің есігін қағып, ұрыс шығарған. Осыдан кейін қалған қонақтар есікті бұза жара кіріп, айғайлаған еркекпен жаға ұстаса жаздаған.
Оқиға орынына жеткен полиция қызметкерлері болған жайттың мән-жайын анықтады.
Нәтижесінде Чжан бөлмедегі Моуға 15 мың юань (2,2 мың доллар) көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болды.