Әзірбайжанда бес жасар бала сүндетке отырғызу кезінде қайтыс болды

Сүндетке отырғызу рәсімі. Фото интернет желісінен.

Әзірбайжандағы Масалинск ауданы, Мусакюче ауылында бес жастағы Канан Гусейнов сүндетке отырғызу отасы кезінде қайтыс болды деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

АПА мәлімдегендей, отаны баланың ата-анасы шақырған зейнеттегі дәрігер Рамиз Садыгов жасау керек болған.

Баланың жағдайы күрт нашарлап, ол дәрігер салған ауыртуды басатын дәріден кейін көз жұмған. Бүлдіршіннің денесі сараптамаға жіберілді.

Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий