100 жастағы қызылордалық әжейге жаңадан тіс шығып, күн сайын жасарып бара жатыр (фото)
Скриншот Қазақстан-Қызылорда арнасы
Әжесінің самайындағы қара шашты бірінші болып кішкентай немелері байқап қалған екен. Ал әжейдің балалары болса бұл құбылысқа таңғалып отыр.
Скриншот Қазақстан арнасы
» 100-ден асқан адамның тісі шығып, шашы қараяды екен. Өткен жылдың қараша-желтоқсан айында аузым ауырады деп айта берді. Аузын жаймен ашып көргенімізде төменгі жағынан тіс шығыпты», — дейді ғасыр жасаған әжейдің ұлы.
Кейуана 17 құрсақ көтеріп, оның тоғызын аман-есен жеткізген. Әжейдің бүгінде 31 немересі, 38 шөбересі мен 11 шөпшегі бар.
newstaraz.kz