Ер адамдар қай жастан бастап көзге шөп сала бастайды?
Көрнекі сурет. Фото: vk.com
Сүйіктіңіздің опасыздық жасауынан қауіптенесіз бе? Иә,бұл әр әйелдің уайымы шығар. Британ зерттеушілері қай жаста, кімнің опасыздық жасауы басым болатынын есептеуге тырысып көріпті деп жазады ikerim.kz.
Көпшіліктің айтуы бойынша, адамдардың 40 жастан кейін жаңа өмірі басталады екен. Әсіресе, 39 жастан асқандар көзге шөп салуға аса құмар болып келетінін зерттеушілер дәлелдеді.
Себебі, дәл осы жаста жұптардың некеден тыс жыныстық қатынасқа түсуге қызығушылығы екі есе арта түседі екен. Сарапшылардың айтуы бойынша, мүшел жасқа толатын кезде адамдар, өзінің өмірлік қағидалары мен жоспарлары жайлы терең ойлана бастайды.
Сонымен қатар, 9 санына аяқталатын – 29, 49 және 59 жас кезеңдері опасыздықтың «шыңы» болып табылады.
«Неге көзге шөп салады?» деген сұраққа мамандар: «Көп жағдайда адамдар жолдасының назарын аудару мақсатында көзге шөп салатынын көрсетеді», -деп жауап берді.
Сонымен бірге, негізгі себептері:
Үйдегі жыныстық қатынастан ләззат алмауы – 76%
Жұбының жалықтырып жіберуі – 46%
Одан алдыңғы серіктесіне сезімнің қайта оралуы – 28%
Өзгерісті қалау – 22%
newstaraz.kz