Ақтөбеде банк қызметкері 12 миллион теңгені өзіне аударып алды
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақтөбеде екінші деңгейлі банк менеджері өз есепшотына 12 миллион теңгені заңсыз аударып алған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр.