Алакөлге баратын жолдың нашарлығынан әнші Айқын бүйрегін ауыртып алды (фото)
Айқын. Фото: Instagram
«Алакөлге дейінгі авто саяxатымыз жалғасуда. Жолдың сапасы өте-өте нашар. Бүйрегімізді ауырып кетті. Бірақ, қазақтар берілмейді», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол Балқаш жолының да нашар екенін тілге тиек етті.
«Балқашқа көлікпен. Жол өтееее нашар! Екі астанамызды қосатын тас жолға жауапты адамдарды жүргізу керек, сонда ғана түзелетін шығар», — дейді әнші.
Айқын сапасыз жолда қанша шаршап келсе де, Алакөлге келген соң бекер қиналмағандарын айтады.
«Біздің түрімізден 650 шақырым жерге бекер келмегенімізді байқаған шығарсыздар… Талдықорғаннан 300 шақырым жол мінсіз болды, ал одан кейінгі 100 шақырым шыдауға болатындай… Бірақ, алдағы 100 шақырым бізге өте ауыр болды…Қалған жол жалпы жаман емес», — дейді әнші.
newstaraz.kz