«Қауіпсіз жол» іс-шарасының 1 тәулігінде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 6 жүргізуші анықталды

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 20-ақпанынан бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мақсаты — қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 1 күнінде 1247 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 23 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 3, техникалық байқаудан өтпеген – 43, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 35 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 107, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 87, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 4, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 3, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 4, көлік құралын мас күйде басқарған – 3, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 6 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 150 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий