ҚОЯНБАЕВ ЖАҢА КОМЕДИЯСЫНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

My love is Aisulu. Алматыда осындай романтикалық комедияның тұсаукесері өтті. Продюсер Нұрлан Қоянбаев алғаш рет өзіне мүлдем таңсық рөлді, яғни ғашық жігіттің бейнесін үлкен экранға алып шықты. Фильм Қазақстан мен Америкада түсірілген. Кино картинаның түпкі мағынасы — «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген тәмсілмен астасып жатыр. Сондай-ақ кез келген кедергіден сүрінбей өтетін көзсіз махаббат баяндалады. Алдын ала көрсетілімге жүзден астам көрермен жиналған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Романтикалық комедияны түсіру идеясы — продюсер Нұрлан Қоянбаевқа тиесілі. Ол бірнеше комедиялық туындылардан кейін махаббат тақырыбына ойысқанды жөн санапты. Сюжетте өзіне сенімсіз Санжар деген алматылық жігіттің бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Ол фильм түсіруді армандайды. Алайда идеялары үнемі сәтсіздікке ұшырайды. — IX век, муж с женой ругаются? — Ну, они же в конце фильма помирятся. Фильм так и называется Помирись.

Санжар кезекті сценаристер байқауынан өтпей қалады. Алматыға қайтқан жолда Айсұлу есімді сұлу бойжеткенмен танысып, екеуінің арасында сезім оты тұтанады. Санжар қыздың алдында беделін көтеру үшін Америкада фильм түсіріп жатқаны жайында оқиға ойлап табады. Қызықтың бәрі осы жерден басталады. Осылайша Санжардың азғантай өтірігінің арты күрмеуі қиын оқиғаға ұласады. Жағдайды реттеу үшін жігіт Лос Анджелестен бір-ақ шығады. Нұрлан Қоянбаевтың сөзінше, ол басты рөлде ойнауға бірден келіспепті. Санжардың образын сомдауға бірнеше белгілі актер ниет білдірген екен.

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ, ПРОДЮСЕР: «Әуелде мен Санжардың рөлін ойнаудан бас тарттым, өйткені бұл рөл романтикалық туынды. Кіршіксіз сезімді көрсетуің керек. Мен өзім ондайдан ұяламын. Бұрыннан сезімімді мойындауға қысылатынмын. Сәйкес келмейтін шығармын дедім. Сондықтан біз Санжардың рөліне сай адамды ұзақ уақыт іздедік 00.32 +00.55 Кейін келісімімді бердім. Қолымнан келді ме, жоқ па, енді тамашалайсыздар. Бірақ, фильм қызықты шыққан сыңайлы». Санжардың сүйіктісі Айсұлудың рөлін Әсел Сағатова сомдады. Оның кейіпкері махаббат үшін бәріне даяр мейірімді қыз. Бұл актрисаның соңғы жылдардағы алғашқы басты рөлі. ӘСЕЛ САҒАТОВА, АКТРИСА: «Біріншіден, мен Нұрланның алдыңғы жұмыстарының бәрін көрдім. Екіншіден, мен онымен жақсы таныспын. Нұрлан мені жобаға қатысуға шақырған кезде, ол жобаның тіпті не туралы екенін, идеясы не жайында болатынын сұраған да жоқпын. Бірден келістім. Ол тек: «Бізде идея бар, қатысасың ба деп сұрады? Мен келістім». Фильм авторлары көрерменді әдемі әзілмен ғана емес, шынайы драмалық желімен де таңғалдырмақшы. Себебі, бас кейіпкер Санжар оқиға барысында өзінің ішкі қарсылығымен күресіп, зиянсыз өтірігінің соңы үлкен арманын жүзеге асыруға септігін тигізгенін байқамай қалады. Ол қателігін түзеу үшін АҚШ-қа барып, белгілі америкалық режиссерлермен танысып қайтады. Авторлардың сөзінше, комедияның алғашқы нұсқасы ешкімнің ойынан шықпаған. Сондықтан кейбір көріністерді қайта түсіруге тура келіпті. ДАРХАН САРКЕНОВ, РЕЖИССЁР

«Монтаждап, бір қарап шықтық. Бізге ұнамады. Авторға да, Нұрланға да, бізге де. Сөйтіп, біраз жерін қайта түсіреміз деп шештік. Осылайша, фильмнің біраз жерін түсірдік». «Менің махаббатым Айсұлу» кинокартинасы 30 қаңтар күні үлкен экранға жол тартады. Фильм авторлары атап өткендей, комедия тек жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, ғашық жұптарға жақсы сабақ болмақ.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий