Көршім ұлыма қинап клизма жасап, бірнеше рет шешіндірген! Алматылық ерлі-зайыпты көршісінің күмәнді әрекетін қылмысқа балап отыр. Олардың сөзінше, 31 жастағы жігіт далада ойнап жүрген баланы пәтеріне алдап кіргізіп, қатарынан екі рет клизма жасаған. Сосын оны жуындырып, үйіне жіберіпті. Жеткіншек болған жағдайды отбасына айтып берген бойда, әкесі бірден полицияға хабар беріпті. Бүгін осы іске қатысты қылмыс іс қозғалғаны анықталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Взял его за руку, и повел его домой. 21 вот дом. 44 квартира».
Иә, 21 үй, 44 пәтер. Жеті жастағы баласына жаман әрекет жасаған жігіт жайлы анасы Светлана сұхбат беріп тұр. Айтуынша, Сашаны дәл осы аулада ойнап жүрген жерінен көршісі жетектеп кетіпті. Бұрыннан аралас-құралас болған соң Диманың үйіне баруға бала қорықпаған. Жолдан балмұздақ алып беріп, үйінде компьютерлік ойындар ойнауды ұсыныпты.
СВЕТЛАНА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
«Сосын ол баламнан » Саған клизма жасап көріп пе еді? деп сұрапты да клизманы жатын бөлмеге алып келіпті. Бала клизма жасауға қарсы екенін айтса да, ол киімдерін шешіп, төсекке жатқызып клизма жасаған. Неліктен ондай әрекетке барғанын әлі түсінбеймін. Әйтеуір, аман жүргеніне тәубе».
Бала болған жайтты бүкпесіз баяндап береді. Жанын қоярға жер таппаған анасы сол кеште полиция қызметкерлерін шақырады. Ал құдай қосқан көршісін Светлана бұрынан біледі. Жасы 31-де. Үйленбеген, жұмысы да жоқ.
СВЕТЛАНА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
«Ол біздің үйге жиі келетін. Бір дастарханда нан бөліп жедік. Осындай жасайды деп үш ұйықтасам да түсіме кірмес еді. Сорақысы күдіктінің ата-анасы алдыма келіп кешірім де сұраған жоқ».
Кейінірек белгілі болғандай, күдікті бір кездері психдиспансерде есепте тұрған. Бірақ көршілері оның оғаш қылығын байқамапты. Екінші тарап оқиғаның басқа жағын баяндап берді. Әкесінің ойынша, оларға жала жауып отыр.
ГРАФИКА-ЦИТАТА: Баланың айтуынша, аулада серуендеп жүріп, бұрыннан жақсы танитын менің ұлым Диманы кездестірген. Жеткіншектің өзі біздің үйге барып, компьютерде ойнай тұрайыншы деп өтінген. Ішкен шайдан ба, жеген балмұздақтың салдарынан ба, білмеймін, әйтеуір бала жылап, ішінің ауырып түрғанын айтқан. Яғни, Диманың балаға клизма жасағанын жасырмаймын. Бірақ кінәнің бәрін менің ұлыма артып қойғанымен келіспеймін. Осы оқиғадан кейін Диманың денсаулығы нашарлап, психикалық емдеу орталығында бір ай жатты.
Осы оқиғадан кейін баланың мінез-құлқы бірден өзгерген. Ашушаң, ызақор болып кеткен. Ал сол қезде қозғалған қылмыстық іс қарашада жабылып қалыпты.
ДИНА СМАИЛОВА, «НЕМОЛЧИ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Маған ұнамағаны біріншіден тергеу қорғаушысыз болған. Екіншіден түнде болған. Және тергеуші тарапынан қойылған сұрақтар да тым жұтаң. Ешқандай қосымша сұрақтар қоймаған. Балаға сені қалай шомылдырды? Тиіскен жоқ па? Жыныстрық мүшесін көрсетті ме? Деген сияқты нақты сауалдар жоқ».
Ал, баланың анасы ақ қараны анықтау жолында аянбаймын деп отыр.