Алматыда апатқа ұшыраған «Бек Эйр» ұшағының екінші пилоты бақилық болды. Мейіржан Молдақұловтың жағдайы кенеттен нашарлап, «жедел жәрдем» шақыртқан. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұм 21 қаңтарда ғана ауруханадан шығарылған еді. Ал ішкі істер министрлігі оның өліміне не себеп болуы мүмкін екеніне болжам жасады. Ал депутат Азат Перуашев, ұшақ апатына премьер министр мен бас прокурордың назар аударуын сұрады. Халық қалаулысы полицейлер кінәні ұшқыштарға итере сала ма, деген күдігі бар екенін де жасырмады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мейіржан Молдақұлов Алматыдағы «Алтай» шағын аудадында тұрған екен. Туыстарына көңіл айтып әріптестері мен достары келіпті. Олар марқұмның өз ісінің білгірі, кәсіби маман болғанын айтады. . Ұшақ апатына дейін денсаулығына ешқашан шағымданбаған екен. Соңғы рет ауруханадан шығарған кезде көріпті. Оның дәл үйіне келгенде дәм-тұзы таусылатынын білмедік дейді . Алайда камераға сұхбат беруден бас тартты. Ұшақ апатынан кейін №4 клиникалық аурухана жеткізіліп, бел омыртқасына күрделі ота жасалған Мейіржанның үйіне шығарылғанына да көп болмаған екен.
Мейіржан Молдақұловтың жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне шығарған болатын. Алайда бір аптадан кейін оның жағдайы күрт нашарлап жедел жәрдем шақыртқан алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған». Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол аурухана ұшақ апатқа ұшыраған 27 желтоқсан күні ауыр жетікізіліпті. Дәрігерлер зақым келген беліне операция жасаған. Бір апта комада жатқан ұшқыш 5 қаңтар күні есін жиыпты. ТІЛЕУХАН ӘБІЛДАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Ол кісі бір айға жуық ауруханада жатты, бірнеше дәрігерлердің консилиуымынан кейін ғана оны амбулаторлық емге шығарылған болатын. Бұл жерде амбулаторлық емге шығаруға ол кісіде толық мүмкіндік болды. Енді қандай жағдайлардың әсер еткенін білмейміз. Алғашқы несі бұл кісінің өкпе тамырларының тромбо эмболиясы деген алғашқы диагнозы қойылып отыр». Мейіржан Молдақұловтың өліміне қатысты Ішкі істер министрлігінің басшылығы түсініктеме берді.
МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Алдын ала болжам бойынша, ұшқыштың өліміне әуе апаты кезінде алған жарақаты немесе басқа да криминалды факторлар әсер етпеген. Мәселе, оның денсаулығына қатысты. Кез келген адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалады. Сондықтан, қайғылы жағдайдың нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды». Ал депутат Азат Перуашев ұшақ апатын тергеуге Үкімет басшысы мен Бас прокурордың назар
аударуын сұрады. Оның пікірінше, бұл апатқа тағы да ұшқыштар кінәлі болып шығуы ғажап емес. Пилоттар жанын қия отырып мұз қатырмайтын сұйықтықты үнемдеген сыңайлы дейді халық қалаулысы АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бек Эйр» әуе компаниясының басшылығы тергеу нәтижесі шықпай жатып, өз болжамдарын жариялай бастады. Авиациялық әкімшіліктің ұшақ апатына қатысты тартына пікір білдіруінен мұны тергеу мен қоғамдық санаға әсер етуге ниет деп түсінуге негіз бар». Марқұм Мейіржан Молдақұловтың артында жесірі мен екі баласы қалды. Кенжесі екі жасқа енді ғана толыпты. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ желтоқсанның 27 күні апатқа ұшыраған болатын. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 67 жолаушы түрлі жарақат алған еді.