кадр из видео
Украинаның Днепропетровск облысындағы Никополь ауданында 38 жастағы ер адам суға батып кетті, деп жазды turkystan.kz tsn.ua-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Чертомлык өзенінде болған. Украиндық ойыққа түскен кезде мұздың астынан шыға алмай қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның арамен мұзы кесілген әрі арнайы жабдықталмаған ойыққа сүңгігенін көруге болады. Ол бірден су астында жоғалып кеткен. Ал өліміне оның әйелі мен досы куә болған.
Су бетіне қайтып шықпаған азаматты оқиға орнына жеткен құтқарушылар да таппайды. Іздеу шаралары бір тәулікке созылып, сүңгуірлер мәйітті өзен жағасынан 20 метр қашықтықта, 4 метр тереңдіктен тапқан.