Әскери оркестр Шымкент тұрғындарын қуантты

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери оркестрі Астананың 25 жылдығына орай Шымкент тұрғындарын Арбат алаңында саптық шеруімен және вальс әуендерімен қуантты. 

 

Әскери музыканттардың қойылымы плац-концерттен басталды, олар музыкалық аспаптарды шебер меңгеріп қана қоймай, саптық дайындық деңгейін, үйлесімді және нақты қимыладрымен көрсете білді.

Әскери дирижер Жандос Сатимбаевтың жетекшілігімен музыканттар азаматтарға патриоттық әндер мен заманауи әуендердің попурриін сыйға тартты.

Концертті тыңдауға аға буын өкілдерінен бастап сәбилерге дейін жүздеген адам жиналды, көпшілігі отбасыларымен келді. Жастарға танымал фильмдердің саундтректері ұнаса, аға буын өкілдері эстрадалық шлягерлердің әуендеріне қуана қосылды. Оркестрдің өнер көрсетуі Ерболат Құдайбергеновтің «Мен қазақпын» шығармасымен аяқталды.

Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметпен қарсы алды.

Айта кетсек, әскери оркестрдің шығармашылық ұжымы – көптеген фестивальдердің, байқаулардың лауреаты, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған шерулердің тұрақты қатысушысы.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий