Өзбек атлеті Мәскеудегі турнирде төбелес шығарды

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша Мәскеуде өткен турнир жаппай төбелеспен аяқталды.

Әлеуметтік желілерде 11 желтоқсанда жарияланған видеоға қарағанда, жаппай төбелесті өзбек атлеті бастаған.

Өзбекстандық Намазан Самиев турнирдегі жеңісінен соң көрермендерге қайрылып, кіммен болса да төбелесуге дайын екенін мәлімдеген. Қарсылас тез табылды. Жекпе-жек кезінде өзбек атлеті ереже бұзып, тізесімен қарсыластың бетінен тепкен. Одан соң рингке 50 шақты көрермен шығып, жаппай төбелес басталды.

Турнирдегі бұл оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жоқ.

Бұның алдында Интерфакс ақпарат агенттігі ММА-мен шұғылданатын тағы бір өзбек атлеті Бунед Тухтаев 10 желтоқсанда Санкт-Петербургте милиция қызметкерін ұрғаны үшін іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий