46-ШЫ ПРЕЗИДЕНТ КІМ БОЛМАҚ?

АҚШ президенттігіне үміткерлердің қатары тағы бір адаммен толықты. Әлемнің ең бай адамдарының ішінде 11 орында тұрған Майкл Блумберг өз кандидатурасын ұсынып отыр. 50,4 миллиард доллар қаражаты бар кәсіпкер күні кеше сайлау алды видеоролигін жариялап ақпарат әлемін дүр сілкіндірді. Сонымен Америка құрама штаттарының 46 президенті кім болады? Ол Қазақстанға қалай әсер етпек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Медициналық сақтандыру жүйесі қайта қарастырылады!», «Бай азаматтар мен қомақты қаражат тауып отырған компаниялар салықты көптеп төлейді!». Бір күн бұрын осындай үндеуі бар видеоны миллиардер Майкл Блумберг жариялады. Блумберг ақпараттық агенттігінің иесі сайлауалды ақпараттық видеоларға қомақты қаражат құйып та үлгерген. 2002-2013 жылдары Нью-Йорктың мері болған миллиардер саясатқа жаңа қадам басып отырған жоқ.

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
«Майкл Блумберг сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары үшін 35 миллион доллар алдын ала резерв ретінде ақша құйған болатын. Бұл оның қарсыластарының күдігін туғызды. Өйткені бұл аталмыш сома қарсыластырының бөлінетін қаражаттарынан көп. Екіншіден 77 жастағы Блумберг демократтар атынан негізгі үміткер болып шығатын бұл Нью-Йорктегі екі магнаттың арасындағы сайлауды көретін боламыз».

Сайлауға дейін әлі бір жыл уақыт бар. Бірақ Блумберг бұл бәйгеге саяси өлшеммен кеш түсіп отыр. Себебі, үгіт-насихат жұмыстары мен бағдарлама жасау бар. Дәл қазір демократтардың атынан президенттікке үміткер тағы бірер саясаткердің есімі аталуда. Олар сенатор Элизабет Уоррен және бұрынғы вице-президент Джо Байден. Бұл азаматтарды АҚШ жұрты жақсы білгенімен жоғарыда аталған бизнесмен сияқты қатты танымал емес.

ЦИТАТА: «Американы өз қолдарында ұстап келген ескі саяси элита өткен сайлауда жеңіске жеткен үміткердің амал әрекетін зерттеді. Ол кезде Трамп АҚШ-тың «ауылды» жерде тұратын, сайлауға аса мән бере бермейтін халыққа экономиканың дамуына тың серпін береміз деп уәде етіп, дауыс жинаған болатын. Ал, экономика — америкалықтар үшін маңызды дүние. Блумберг болса ұзақ жыл саясаттың биігінде жүрген серкелердіңң атынан сайлауға түседі. Бұл жаңа және ескі саяси күштердің текетіресі. Сондықтан, келер президенттік сайлауда демократтар Трампты орнынан ығыстыру үшін барын салады». САЯСАТТАНУШЫ ИГОРЬ КОВАЛЕВТЫҢ «СПУТНИК» ПОРТАЛЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНАН ҮЗІНДІ

Отандық саясаткерлердің пікірінше Майкл Блумберг АҚШ президенті атанатын болса оның ұстанымы мемлекеттің бет бұрған бағытынан қатты өзгере қоймайды. Егерде АҚШ пен Ресей арасындағы байланыс күрделене түссе, соның салдарынан экономикалық санкциялар қабылдануы мүмін. Ол өз кезегінде Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Ал негізінен Орталық Азия АҚШ-тың стратегиялық жоспарында алдыңғы сапта тұрған жоқ екен.

Ал Трамптың кандидатурасына оралатын болсақ, оның басы импичмент дауынан арылар емес. Трамп әкімшілігінің сыншысы және демократиялық партиясының ардагері Нэнси Пелоси осыған дейін тиісті шаралардың басталғанын айтқан еді.

НЭНСИ ПЕЛОСИ, АҚШ КОНГРЕСІ ӨКІЛДЕРІ ПАЛАТАСЫНЫҢ СПИКЕРІ
АУДАРМА! «Президенттің жасаған қадамдары конституцияны бұзу болып саналады. Ол жауапкершілікке тартылуы керек. Ешкім де заңнан биік тұра алмайды».

Импичмент, яғни президентті қызметінен тайдыру бастамасының көтерілуіне Трамп пен Украина президенті Зеленскийдің телефон арқылы сөйлесуі себеп болып отыр. Ашық деректерде жарияланған ақпаратқа сүйенетін болсақ, АҚШ президенті өзінің саяси қарсыласы Джо Баденге қатысты қылмыстық іс ашуды тапсырған делінеді. Бұл демократтардың айып тағуы шумен басталғанымен іс соңына дейін жетпей қалуы мүмкін. Ал ол Трампқа үлкен көмекке айналуы ғажап емес.

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
«Нақты демократтардың өзінде де ешқандай дәйек жоқ. Қандай мәселе бойынша ұлттық қауіпсіздікке байланысты ма жоқ па? Нақты дәйек болмағандықтан қаншалықты бұл импичменттің қазіргі таңда заңды не заңсыз екені сұрақ туғызып отыр. Бұл импичменттен алдағы күндері тыңдауда демократтар жеңілетін болса алдағы 2020 жылғы сайлауда Трампқа оң жағынан әсер етуі мүмкін».

АҚШ президенттігіне үміткер ретінде бұл күні 13 адам тіркелген. Ал сайлау 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. Бірқатар есімі елге танымал адамдар бұл тізімде аталса да саясаткерлер негізгі тартыс Трамп пен Блумберг арасында болады деп болжам жасап отыр.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий