Азиз Уаитов пен Тілеугүл Қуаныш. Коллаж: NUR.KZ.
Аталған фотоны марқұмның туыстары журналистерге берген. Естеріңізге сала кетсек, қайтыс болған Тілеугүл Қуаныш өмірінің соңғы сәтінде анасы мен жеңгесіне қоштасу хатын жазып, кінәлі азаматтың атын атап кеткен болатын.
Бұл азамат Тілеугүлдің өлер алдында кездескен жігіті – Азиз Уаитов. Ол қаладағы сауда дүкендерінің бірінде жұмыс жасайды. Тергеушілер Азизден жауап алып, босатып жіберген. Осыған ашулы ата-ана күдікті жігітті әділ жазалауды талап етіп отыр.
«Әдейі қасақана жасаған оны өлтіру үшін. Тергеушілер маған заң бойынша Азизды қамай алмаймыз деді. Себебі, қызым бұл үйге өз аяғымен келіп, өзі терезеден секіріп кеткен дейді полицейлер», — деп жылады марқұмның анасы Жанаргүл Бұзауқызы.
Тағы бір айтары тұрғын үйдегі бейнебақылауда қыздың мүрдесі таңғы сағат 4:12-де пайда болса, қыздың хоштасу хаты 4-тен 14 минут өткенде жазылғанына марқұмның туыстары күдікпен қарайды. Олардың ойынша, хатты қызды өлтірген адам қылмысын жасыру үшін әдейі жазған.
Сондай-ақ, бойжеткен секіріп кеткен 8-қабаттағы пәтер полиция қызметкеріне тиеселі екенін осы үйдің тұрғындары да растады. Олар форма киген жігіттің аталған баспанада тұрғанын бірнеше рет көрген.
Естеріңзге сала кетсек, өткен аптада 19 жастағы бойжеткен Тілеугүл Қуаныштың өлі денесі Алғабас ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан табылған еді.
Студент қыз өлер алдында «мені алып қашып бара жатыр» деп туыстарына хат жазып кеткен.