Новости на Newstaraz.

8-қабаттан құлаған бойжеткеннің өліміне себепкер деген жігіттің фотосы жарық көрді

newstaraz.kz

Азиз Уаитов пен Тілеугүл Қуаныш. Коллаж: NUR.KZ.

Алматыда алып қашудың құрбаны болып, артынша 8-қабаттан секіріп кетіп көз жұмған Тілеугүл Қуаныштың өліміне себепкер жігіттің фотосы жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ порталы 31 арнаның жаңалықтарына сілтеме жасап.

Аталған фотоны марқұмның туыстары журналистерге берген. Естеріңізге сала кетсек, қайтыс болған Тілеугүл Қуаныш өмірінің соңғы сәтінде анасы мен жеңгесіне қоштасу хатын жазып, кінәлі азаматтың атын атап кеткен болатын.


Азиз Уаитов. Фото: 31-арнадағы видеокадрден үзінді

Бұл азамат Тілеугүлдің өлер алдында кездескен жігіті – Азиз Уаитов. Ол қаладағы сауда дүкендерінің бірінде жұмыс жасайды. Тергеушілер Азизден жауап алып, босатып жіберген. Осыған ашулы ата-ана күдікті жігітті әділ жазалауды талап етіп отыр.

«Әдейі қасақана жасаған оны өлтіру үшін. Тергеушілер маған заң бойынша Азизды қамай алмаймыз деді. Себебі, қызым бұл үйге өз аяғымен келіп, өзі терезеден секіріп кеткен дейді полицейлер», — деп жылады марқұмның анасы Жанаргүл Бұзауқызы.

Похожие статьи

Тілеугүл Қуаныштың анасы Жанаргүл Бұзауқызы. Фото: Видеодан үзінді.

Тағы бір айтары тұрғын үйдегі бейнебақылауда қыздың мүрдесі таңғы сағат 4:12-де пайда болса, қыздың хоштасу хаты 4-тен 14 минут өткенде жазылғанына марқұмның туыстары күдікпен қарайды. Олардың ойынша, хатты қызды өлтірген адам қылмысын жасыру үшін әдейі жазған.


Тілеугүл Қуаныштың таңғы сағат 4:14-те жазған хаты. Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ, бойжеткен секіріп кеткен 8-қабаттағы пәтер полиция қызметкеріне тиеселі екенін осы үйдің тұрғындары да растады. Олар форма киген жігіттің аталған баспанада тұрғанын бірнеше рет көрген.

Естеріңзге сала кетсек, өткен аптада  19 жастағы бойжеткен Тілеугүл Қуаныштың өлі денесі Алғабас ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан табылған еді.

Студент қыз өлер алдында «мені алып қашып бара жатыр» деп туыстарына хат жазып кеткен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »