Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек! Магеррам Маггерамовтың осы ұсынысын кейінгі уақытта талқыламаған адам кемде-кем. Бірі бұл әйелдердің құқығын шектеу десе, екіншілері керісінше ойға қонымды бастама деп пікір айтуда. Сонымен, Мәжіліс депутатының бұл бастамасының астарында не жатыр? Жыл сайын жасанды түсік жасататындардың саны артып келе ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ашық дереккөздерде жариялаған соңғы статистикасын көзіміз шалды. Жылына елімізде кем дегенде 30 мың сәби дүние есігін ашпай, аборттың құрбаны болады екен.
«Баланы медициналық жолмен алдырып тастау ұлттық қауіпсіздіктің деңгейіндегі мәселе» дейді Маггерам Магеррамов. Қазір Мәжілісте халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс қаралып жатыр.
МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мен мынадай ұсыныс жасадым. Мемлекеттік орган тіркеген заңды некеде тұрған әйел түсік жасату мәселесін жолдасымен ақылдаса отырып жасату дегенді ұсындым. Себебі, неке және отбасы туралы заңда неке куәлігін алғаннан кейін ер мен әйел тең құқық пен жауапкершілікке ие болады делінген. Онда барлық мәселе ортақ шешілу керек деп жазылған. Яғн денсаулық кодексіндегі заңдар неке туралы заңға қайшы келіп тұр ғой».
Депутат Маггерамов бала көтеру әйелдің денсаулығына кері әсер ететін болса, онда түсік жасату керек дегенмен келісетінін жеткізді. Сондай-ақ, жолдасынан рұқсат алу — отбасылы азаматтарға ғана қатысты. Ал, некесіз бала көтеріп, оны алдырып тастаймын дейтін әйелдер өздері білетін болып тұр.
Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті ашып қарадық. Жүктілікті жасанды түрде үзу бабында ер-азаматтардың құқығы туралы бір ауыз сөз жоқ. Кейінгі өзгерістерден кейін болмайтын да сияқты.
НҰРЖАМАЛ ӨТЕМҰРАТОВА, ГИНЕКОЛОГ
«Аборт жасататындардың үлес салмағы жыл сайын өсіп бара жатыр. Оны мойындау керек. + Аборт жасау бірінші болып қабыну, жыныс органдарының қабынуға әкелуі мүмкін, осложнение деген бар. Сол жағы болу мүмкін. Екінішісі ол бедеулікке бесплодиеге әкелуі мүмкін. Болашақта ана болуына кедергі болуы мүмкін».
Заң бірінші кезекте халыққа арнап жазылады және өзара қарым қатынаста белгілі жүйенің болуын көздейді. Аяғы ауыр әйел аборт жасатар алдында күйеуімен ақылдасуы керек пе?
«Олай немқұрайлы қарамау керек те. Жан жақты ақылдасып бір шешімге келу керек. Немқұрайлы бір өзі ондай жауапкершілік алмауы тиіс».
«Бұл мәселені әйел адам ғана емес, ер кісі де шешу керек деп ойлаймын».
«Күйеуімен в любом случии ақылдасуы керек қой. Ондай шешімді бір өзі қабылдауына болмайды».
Бұл мәселеге де біржақты қарауға болмайды. Отбасылардың бәрі бірдей бақытты, еріккеннен аборт жасатуға бармайды. Кейбірін шаңырағындағы проблемалар итермелеуі мүмкін .
АЙША ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Ертеңінен шошиды. Баланың тағдыры не болады деп. Сондықтан олар бойына біткен баланы ертеңін ойлап, өзінің ертеңін ойлап құтылуыды ойлайтын ата-аналар бар. Ертеңіне сенім жоқ. + Өзі табыс таппайтын, үнемі соққыға жығатын, зорлық-зомбылық көрсететін жұбайымен ол қалай ақылдасады?».
Аборт жасату мәселесіне тек біржақты қарауға болмайтыны түсінікті. Сөзімнің басында айтқанымдай, жылына кемі 30 мың жасанды түсік жасалады. Статистика өсіп келеді. Бұл проблеманы заңға бірер өзгеріс жасап шешіп тастай алмасымыз анық.