Аты — жөнің кім? Алдағы айдан бастап еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде азаматтардың ныспысы тіркеуге алынады. Бұл шетелдік валюта айырбасын жасайтын жандарға ғана қатысты талап. Одан бөлек, еліміздегі айырбас пункттерінің жұмыс істеу уақыты шектелмек. Ал, валютаны сатып пайда тауып отырған кәсіпкерлерге жарғылық талап деген ереже де бекітіледі. Бірақ, Ұлттық банктің бұл реформасымен кәсіпкерлер келіспей отыр. Себебі неде? Бұдан қарапайым халық зардап шеге ме? Әріптесім Қайыркен Отыншы тарқатады.
Өткен жұмадан бері елімізде күннен-күнге шарықтап бара жатқан доллар біршама түсіп, төл теңгеміз құнды бола түскен еді. Ал, Ұлттық банктің былтырдан бері жоспарлап жүрген реформасы ақыры жүзеге асатын болды. Нақтырақ айтсақ, 1 ақпаннан бастап айырбас пункттерінде валюталық операция жүргізген әрбір азамат жөнінде ақпарат журналға тіркелетін болады.
ГРАФИКА
Валюта айырбастау пункттеріндегі ақша операциясы бойынша:
2020 жылдың 1 ақпанынан бастап, егер азамат валюта бағамы бойынша 500 мың теңге көлемінде ақша айырбастайтын болса, онда сол пункттің бірыңғай тіркеу реестірінде клиенттің аты, тегі, әкесінің аты және жеке басты сәйкестендіру нөмірі жазылады.
Ал, егер айырбастау сомасы 500 мың теңгеден жоғары болса жеке куәлік, жеке басты сәйкестендіру нөмірі мен қоса тұрғылықты мекен-жайыңыз көрсетілетін болады.
«Адамдар ол уақытта жұмыстан шығады. Мне кажется барып үлгермейтін шығар. 8 ол ерте сияқты».
«Мне кажется, это не правильно по любому хоть один, два обменника должны быть круглосуточными. Потому что, всякая может быть».
«Меніңше 24 сағат жұмыс істеуі тиіс. Өйткені, туристердің өздерінің қажеттілігі болады ғой. Ең болмағанда сағат 11-ге дейін істесе».
«По идее отрицательно. Ну обо всем будут информация.
Ал, айырбастау пункттерінің басшысы Серікжан Мергенбаев болса, Ұлттық банктің бұл ережесімен мүлде келіспейді. Себебі, валюта айырбастау бекеттерінің уақытын шектеу туралы заң бірқатар қиындықтар туғызыпты.
СЕРІКЖАН МЕРГЕНБАЕВ, ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Қаншама аргументтер айтылды. Қаншама ұсыныстар айтылды. Ұлттық банк біздің ұсынысты көңілге алмай, осы шешімді қабылдады. «Біз екі нәрседен көңіліміз қалды. Ол біріншіден — жарғы 100 млн теңге болғанына және уақыт таңғы 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін шектеу қойғанына. Біз наразылық білдіреміз».
Экономист-сарапшы Сапарбай Жобаев болса, валюта айырбастау пункттеріне жарғылық капитал енгізілгенін түсіне алмай дал. Ол сома да аз емес. Енді, әрбір ақша ауыстыру бекеттері жұмыс істеу үшін 100 млн теңге капиталы болуы тиіс екен. Ондай қаржы ешкімде жоқ. Сондықтан, алдағы уақытта, барлық валюта айырбастау пункттері жабылып, нарықта тек ірі банктер ғана қалуы мүмкін дегенді де жоққа шығармайды.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
«Айырбастау орындарының жарғылық капиталын 100 млн теңгеден деу бұл енді бір өрескел түсіндіріп болмайтын нәрсе, әрине кез-келген жеке кәсіпкер я болмаса үлкен ақшамен жұмыс істейтін өзінің бір ең кіші жарғылық капиталы болуы керек. Ал, егер де біз оны 100 млн теңгемен шектейтін болсақ, онда мына көпшілік айырбастау пункттерінің барлығы жабылады да, тек қана банктер ғана қалады».
Сондай-ақ, алдағы енгізілгелі отырған ереже, еліміздегі «қара нарықтың» дамуына жол ашуы мүмкін. Себебі, кешкі сағат 8-ден кейін айырбас пунктін іздеген тұрғындар амалсыз «алыпсатарлардың» жұмысына жүгінеді екен. Оны осы істің басы қасында жүрген кәсіпкерлер де растап отыр.
СЕРІКЖАН МЕРГЕНБАЕВ, ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Ол не аэрпортқа, не вокзалға баруға мәжбүр болады. Немесе теневые игроки деген ойыншылар пайда болуы мүмкін. Біз соған қатты уайымдап жатырмыз. Біздің ұсынысымыз осындай шектеуді алып тастау керек. Ол әлемдік практика ол вокзалодағы, аэропорттағы валюта айырбастау пункттерінің курстары ол нарықтық курстан көбінесе өзгеше болады».
Бұл ереженің енгізілуіне де екі жұмадан сәл көп уақыт қалды. Сондықтан, нақты қалай боларын білгісі келген тұрғындарға әліптің артын баққаннан басқа амал жоқ.