«АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Жер астынан жік шықты. «Алматыметроқұрылыс» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реймов ұсталды. Осы жағдайдан кейін құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау көзделген Сарыарқа мен Достық стансаларындағы жұмыстар кешеуілдеуі мүмкін. Онымен қоса мыңға тарта жұмысшының айлығы кешігуі ықтимал. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Алматыметроқұрылыс» мекемесінің акционері, Қайрат Реймовты Алматы полиция департаментінің тергеушілері кеше ұстапты. Ақпаратты естіген бойда компания басшылығы оны өзгеден емес өздерінен есту үшін жұмысшылардың басын қосып, қалыптасқан жағдай туралы мәлім етті.

ЕРЛАН ӘПЖАППАРОВ, «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
«Ертең анау айтты, түрмеге отырғызып қойыпты, өйтті, бүйтті деген сөзді естімеу үшін специально сіздерді жинап осы информацияны құлақтарыңа жеткізгім келіп отыр. Жұмысты ешкім тоқтатпайды. Осындай жағдай болып жатыр. Сондықтан да түгел түсінікпен ары қарай жұмысты жалғастырып, өзіміздің мықты коллективімізді осылай ұстап отырайық».

Бұл ақпаратты естіген жұмысшылардан да маза қаша бастаған. Өйткені дәл жаңа жыл жақындаған тұста айлықсыз қаламыз ба деген үрей барлығын мазалайды екен. Оның үстіне соңғы бес жылдан бері жалақы көтерілмеген. Енді қазірлі айлығын ала алмай қалу қаупі бар көрінеді.

БЕКЗАТ ЖАЙДАРХАН, ЖҰМЫСШЫ:
«Оқуды бітіріп осында кірген болатынмын. Ол уақыттан бері осы уақытқа дейін ешқайндай айлық көтерілмеді да , көтерілген жоқ. сол бір айлық 90-100 мың болды. Одан асқан айлық алмадық. Сол айлықты қарастырса»

Жаңадан іске қосу көзделген Сарыарқа мен Достық стансалары мен жерасты жолдарының ұзындығы 3 шақырым. Жобаның жалпы құны 67 миллиард теңге. Орта есеппен бір шақырымды салуға 53 миллион доллар жұмсалады екен. Мекеме басшыларының айтуынша құрылыс жұмыстары жазда қарқын алып, алға ілгерілетіп алыпты. Енді осы жағдайдан кейін қаржыландыру мәселесі қимындауы мүмкін екенін де жасырмайды. Өйткені осыған дейін бірінші басшысы істі болды дегенді естіп, бірнеше қосалқы мердігер байланысын үзіпті.

БАТЫР АДАЙБАЕВ,»АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» МЕКЕМЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
«Егер де қаражат болмаса , бөлінбесе, айлық төленбесе, тоқтатылуы мүмкін. Оған енді апармаймыз, жеткізбейміз деп ойлаймыз»

Естеріңізге сала кетсек, көктемде мекеме басшылығына қатысты «алаяқтық» бойынша іс қозғалған еді. Батыр Адайбаевтың айтуынша бұл іске «Алматыметроқұрылыс мекемесінің акционері Қайрат Реймовтың қатысы бар деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп, артынан істі экономикалық тергеу департаментіне жіберіпті. Алайда екі орган да заң бұзушылық таба алмаған. Одан кейін полиция департаменті істі тергеуге алып, артынша басшысын ұстаған. Әзірге не себепті ұстағаны туралы полиция департаментінен хабар алу мүмкін болмады. Бұлтартпау шарасын қабылдау үшін істі сотқа да жолдамаған.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий