Ал, Алматылық емші ағзаға зиянды антибиотиктерді қабылдағанша тау-таста өсетін шөппен ақ емделуге болатынын айтады. Қазақ даласында өсетін сан алуан өсімдіктен дәрі жасап жүрген Сүлеймен Маралбай жылына екі мың адамның құлан таза айығып кетуіне жәрдемдесемін дейді. Ол осылайша халықтық медицинаның негізін қалаған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының дара жолын жаңғыртпақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз басқалардан өзгерек. Қамшымен соқпайды, жылан етінен сорпаны әзірлемейді, түйенің зәрін ішкізбейді. Емдік қасиеті бар өсімдік пен шөптерді теріп, оларды сұрыптап, дәрілер жасайды. Басқалары сияқты үйде қабы лдамайды, кәдімгідей орталық ашқан. Бәрі заңды.
Алматылық зейнеткер Нисахан Төлебисова бірнеше жылдан бері мүгедектер арбасына таңылып, жүре алмапты. Бармаған жері, ішпеген дәрісі қалмапты. Бірақ денсаулығы жақсармаған. Ал бұл орталық туралы балалары естіп, аналарын әдейілеп осында ертіп келіпті.
НИСАХАН ТӨЛЕБИСОВА, ЕМДЕЛУШІ
«Қан ұйып қалған. Пробкада тұрғакн секілді. Қан алайын десе қан алынбайды. 7 күн ине алыңыз, содан кейін қан алам деді. Сосын 3 банка дәрі берді. Іштім. Қазір жағдайым жақсы. Ұйқым тыныш. Жатсам мүлдем ауырмайды»
«Дәріханадағы дәрілердің пайдасынан зияны көп. Бір ағзаңды емдетемін деп, екіншісін ауыртасың»,- дейді емші. Есесіне өздерінде барлығы табиғи деп сендірді.
СҮЛЕЙМЕН МАРАЛБАЙ, ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ
«Өзіміздің қазақ даласында қаншама мыңдаған түрлі шөп бар. Ондай шөптің түрлері басқа елдерде жоқ, табиғатымыз бай. Сол табиғатымыздағы бай шөптермен-ақ халықты емдеп денсаулығын нығайтуға болады. Шетелдің зиянды антибиотиктерін бермей»
Бұған фармацевтер не дейді? Дәрігерлердің өзінен сұрайықшы.
БАҚТЫБАЙ ОРАЗБЕКОВ, ДӘРІГЕР
«Шөптің өзінеен осы мемлекетте дәрілер жасайды. Қарағанды, Шымкентте. Заңды, сертификатталған. Мен оған қарсы емеспін. Бірақ дәрілердің өзін бет алды көп ішуге болмайды. Оны отварымен ішеді ғой, қайнатып. Мөлшерімен ғана ішу керек»
Қалай болғанда да, шөп дәріні ішіп, жылына он я жүз шақты емес, 2000 адамдай құлан таза айығып кетеді екен. Таңқаларлығы, дәрілік шөптер аурудың барлық түріне шипа болатын көрінеді. Ал емшінің өзі бұл аспаннан түскен емдеу түрі емес, оның негізін қазақтың әйгілі шипагер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қалап кеткен дейді.