Жаңа діни форматтағы той. Әлеуметтік желіде бірнеше мәрте Меккеге барып келген қажының видеосы тарап, жұрттың қызу талқысына түсуде. Мақтанудан шаршамайтын қазақтың бұл тойына кімдер қонақ болды?Пайғамбардың ұрпақтары қатысқан діни тойды муфтият не деп сынады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Шүкір той» туралы естіп пе едіңіз? Бұл 100 рет қажылыққа барғанын ұлан асыр той қылып жасаған Амангелді қажы Еренғайыпұлы енгізген жаңа діни форматтағы той. Қуанышына 400 адамның басын қосып аста — төк дастархан жасаған қажының ел алдына шығуы да өзгеше болды. Қолына сұңқар ұстап, Қазақстанның туын желбірете батырлармен бірге жүрді. Ал мұны той иесі шетелден келген меймандарға қазақтың салтын көрсеткім келді, дейді. АМАНГЕЛДІ ҚАЖЫ ЕРЕНҒАЙЫПҰЛЫ, ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ “Мен өзім мақтаншылықты жек көремін. Оны рия дейді араб тілінде. Ол рия сеніп бүкіл амалдарыңды жойып жіберуі мүмкін. Бұл өзі қазақтың тарихында да бар қазақтың шүкір тойы. Кезінде Құнанбай қажы қаждылықтан келгеннен кейін Аллаға шүкір деп той жасаған”.
Еліміздің жақсы — жайсаңдарынан басқа, тойдың қадірлі қонағы ретінде пайғамбардың ұрпақтары Шейх турки әш-Шәриф пен Шейх Мәзин әш-Шәриф шақырылған. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Мысыр, Палестинадан келген қонақтар да болыпты. Амангелді қажымен екі рет қажылыққа барған Роза апай да осындай тойға шақырылғанына қуанышты екенін жасырмады. РОЗА ҚҰРАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: “Ондай тойға қатысудың өзі бір мәртебе. Ол тойдың бір маңыздылығы ол өз қуанышын халықпен бөлісу. Жүз рет бару ол әркімнің қолынан келе бермейді. Кейбіреулер бір рет баруға арман қылады. Рухани жағынан көтерілетін, сондай жақсы керемет той болды”. Алматыда өткен дүбірлі тойға қатысты муфтияттың да ұстанымын білген едік. ЖАНДІЛДӘ БЕКЖІГІТОВ, ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 0034 Тәуелсіздік алған жылдардан бері Амангелді қажы қажылықпен айналысып келе жатқан адам болғандықтан, бірнеше жылдан бері осы Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының құрамында. Осы нәрселерге шүкір етіп, елді жинап, игі жақсыларды жинап, той берді. Бірақ енді Діни басқарманың бұл тұрғыда келіспейтін жері, Сондай қажылыққа барып келген азаматтарымыздың елдің арасында қажымын деп мақтанбастан, елге қажылықтан алған әсерлерін елге беру. Той, қуаныш көп болғаны жақсы ғой. Бірақ құдайға құлшылық қылғанын мақтан ету қаншалықты дұрыс? Оны халық айтсын!