Мамырдың 19-ы күні Орталық мәдениет пен демалыс паркінде Алматы марафоны аясында ең жас спортшыларға арналған спорттық шара – Балалар жарысы өтеді. Оған 3-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Балалардың жүгіруден жарысы тұңғыш рет жеке спорттық шара ретінде өткелі отыр. Сайысқа қатысуға 300 адам тіркелді.
«Балалардың жүгіруі — Көктем, Жаз, Әйелдер және өзге де жарыстармен бірдей жыл сайын Алматы марафоны аясында өтетін тағы бір шараға айналмақ. Бізге Алматы марафоны мен жарыстарға қатысушылардан балаларға арналған шараларды ұйымдастыру немесе сайыстарға 10 жастан кіші балалардың қатысуына рұқсат беру туралы өтініштер жиі келеді. Сол себепті біз балаларға арналған жарысты өткізу туралы шешім қабылдадық. Қашықтықтар кішкентай балалардың өздігінен еңсеруіне жағдай жасау үшін және ыңғайлылық пен қауіпсіздікті ескере отырып есептелген», дейді – Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.
Қатысушылар үшін үш қашықтық қарастырылған:
— 200 метр (3-4 жас),
— 500 метр (5-9 жас),
— 3 шақырым (10-14 жас).
Жүгірумен айналысудың көптеген оң әсері бар: физикалық саулықты шыңдау, ұйқы, тәбет пен ми қызметінің жақсаруы, шаршауға қарсы төзімділіктің жоғарылауы. Жүгіру кезінде жалқаулықты жеңу кейін сабақ оқуға да жағымды әсер етеді. Оқушылар үй жұмысын оңайлықпен орындай алатын болады. Ойын элементтерін қосу арқылы баланың жүгіруге деген қызығушылығын арттыруға болады. Осы арқылы бала жүйелі түрде жүгіруге дағдыланады. Бұл ретте жүйелілік пен жоспарлау маңызды. Тек осы арқылы жүгіру жас спортшының ағзасына оң ықпал ете алады.
«Шара жас жүгірушілерге жақсы көңіл-күй сыйлап, жүйелі түрде жүгірудің бастамасына айналса игі. Үлкен қашықтықтарға жүгіру ми жұмысын жақсартады, әрі медитация іспетті. Жүгіру кезінде келген қызықты идеяларын әлемдік хитке айналдырған адамдар туралы оқиғалар көп. Мәселен, Google қызметкерлерінің біріне жүгіру кезінде Google Glass жасап шығару идеясы келген. Біздің қатысушыларымыздың ішінен әлемдік трендтердің авторлары шығатынына күмән жоқ», –дейді Салтанат Қазыбаева.
Сөре кестесі:
07.00 – Қатысушылардың жиналу уақыты.
08.00 — 200 метрге жүгіру сөресі. Есептелген уақыт — 10 минут.
08.10 — 500 метрге жүгіру сөресі. Есептелген уақыт — 20 минут.
08.30 — 3 шақырымға жүгіру сөресі. Есептелген уақыт — 40 минут.
Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болуға батылдылық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнесс-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Қосымша ақпарат үшін: Халықаралық қайырымдылық «Алматы марафоны» ұйымдастырушысы «Бірінші болуға батылдылық» корпоративтік қорының PR-менеджері Лидия Сагановская +7 (727) 341-07-31, +7 (701) 705-15-00, prmanager@almaty-marathon.kz