БАТАЛОВ ОТСТАВКАҒА КЕТУГЕ ДАЙЫН

Атышулы Бағдат Манзоровтың кінәсі дәлелденсе, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовта отставкаға кетуге дайын. Бүгін астанаға келіп, журналистермен брифинг өткізген өңір басшысы осылай деп ағынан жарылды. Алайда, Баталов аймақты таза ауыз сумен қамтуға бөлінген қаржы желге ұшты дегенмен келіспейді. Жылдар бойы бұл масқатқа бөлінген 500 млрд теңге орын-орнымен жқмсалған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көктемгі, жаздағы биліктегі ауыс-түйістен соң орнын сақтап қалған Амандық Баталов Алматы облысын 5 жылдан бері басқарып келеді. 70-ке жақындап қалған шенеунік демалысқа кетуді де аңсап жүрген сияқты.

Орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге әзірмін деп қалды. Айта кетейін, бұған дейін орынбасары Бағдат Манзоров қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдікке ілініп, кейін қызметіне қайта оралған еді.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Менің кетерімді, кетпесімді Үкімет басшысы шешеді. Көп жыл жұмыс істедім. Адал қызмет еттім. Керек болса мен немерелеріммен қуанып, жүгіріп, солардың қасында болам. Мен ондайдан қорықпаймын».

2 млн-ға тарта тұрғыны бар облыста проблема да жетеді. 700-ден аса елді мекен бар. Әсіресе, үш ауысымды мектеп пен ауыз су мәселесін Президентте сынға алған болатын.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Алматы облысында да ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту проблемасы бар. Өткен 20 жылда бұл мақсатқа 500 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Бұл өте үлкен сома, бірақ ауыз су мәселесі шешілген жоқ. Қаржы қайда кетті? Мәселе неге шешілмеді? Есеп комитетіне де сұрақтар бар. Аймақтағы кезекті бір проблема апатты әрі үш ауысымды мектептер жайы. 2018-2019 жылдары 14 мектеп салуға 15,5 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл аймаққа әлі де 20 мектеп қажет».

Алайда, Амандық Баталов Алматы облысы өңірлердің арасында ауыз су мәселелесін шешуде көш бастап тұр деп ақталды. 500 млрд теңгенің әр тиынына дейін ауыз суға жұмсалды дейді.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Неге сразу ойлайсыңдар, біреу сол ақшаны ұрлап алды, бір нәрсе етті деп. Айтылды ғой Алматы облысында биік көрсеткіш деп. Қазір мына жерге шығарсын барлық облыстарды. Алматы облысы 86 процент. Жаңағы берген қаражаттың арқасында су жүйелерінің барлығы салынған».

Сондай-ақ, әкім осы облыстың аумағынан Атом электр стансасын салу туралы әңгіме қозғалғанын да растады. Дегенмен, ол сөз жүзінде қалған көрінед.і

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Был разговор. Вы знаете, что там несколько вариантов было, и Алматинская область была одним из вариантов. Другой в Восточно-Казахстанской области, второй наш, но этона стадии разговора осталось. Никаких отводов земель, никаких обсуждений, никаких выездов не было. Это я могу откровенно сказать».

Астаналық журналистердің алдына шыққан Амандық Баталов тағы бір құпияны айтып ағынан жарылды. Қыркүйекте Шамалған стансасында болған қайғылы оқиғадан кейін жергілікті шенеуніктердің қимылдай бастапты. Естеріңізде болса, жолаушы тиеген автобус пойызға соқтығысып, көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Бұдан бөлек, бір келіншек пен оның екі ірдей өрімдей қызы ауыр жараланыып, ауруханаға түскен болатын. Қазір 360 млн теңге бөлініп, темір жол бекетінің жанынан айналма жол салынбақ екен.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий