БОРАНДЫ КҮНІ ЖОЛДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Ақтөбе облысында боранды күні көлігімен жолда қалған адам қайтыс болды. Марқұм Тәжікстанның азаматы. 63 жастағы ер адамның Ресейден еліне қайтып бара жатқан беті екен. Бақилық болған шетелдіктің өліміне не себеп? Жолдағы жағдай жақсарды ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

63 жастағы Хучамурод Баенов денсаулығына түк шағым айтпапты. Жанында болған 35 жолаушы көз алдарында болған адамның өмірде жоқтығына әлі сене алар емес. Тәжікстан азаматтары мінген автобус Ұарабұтақ ауылының маңында қар құрсауында қалып, барлығы жылыту пунктінен тамақтанып, артынша салонда түнеген. Таңертең намаз оқимын деп тысқа шыққан азаматты құлап қалған жерінен тауып алыпты. АСАДУЛЛА, АВТОБУС ЖОЛАУШЫСЫ: « А когда он вышел на утренний намаз да, мы думали, что давление, никакого давления он не сказал». АВТОБУС ЖОЛАУШЫСЫ: «На улицу вышел, один раз упал , его подняли, и опять он упал , сразу мы гаишников позвали». Мамандар марқұм жүрегі сыр беріп, тоқтап қалғандықтан жұүрпі кеткен деп отыр. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысында үсік немесе қасқана өлтірудің іздері байқалмапты Қазір оның мүрдесін Тәжікстанға жеткізу жағын қарастырып жатыр. Дәл осы автобустың егде жолаушылары да қан қысымдары көтеріліп, жәрдем сұраған. НҰРЛЫБЕК АЙЖАРЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Сол автобуста тағы да екі Тәжікстан азаматы медициналық көмекке жүгінген болатын. Сол жерге медицина қызметкерлері барып, қызмет көрсетіп, дәрі-дәрмектерін берген».

Бірнеше күннен бері аймақта ауа-райы күрт бұзылып, әлекке салуда. Қарлы боранға тап болған 200-ден астам көлік екі тәулік бойы жолда тұрған. Жол мекемесіндегілер жағдайды көліктегілердің ескертуді елемей жолға шыққандары, әрі жазғы доғалақтарын ауыстырмағаны қиындатты деп отыр. ӘКІМЖАН ӨТЕМҰРАТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Біздер қар тазалаудың орнына бүкіл батып қалған машиналарды жолдан шығару жұмыстарымен айналысудамыз. Егер жол үстінде мынадай машиналар болмаса, қарды тазалауға 15 техниканың толық мүмкіндігі бар». Құтқарушылар қазір барлық бағыттағы жол ашық екенін айтып отыр. Қызылордаға қарай бара жатқан және Ақтөбеге келе жатқандарға патрульдік көліктер жол көрсетіп отырады. Дегенмен, құзырлы орган өкілдері жұртты мамандардың ескертуіне құлақ асып, сақ боулға шықыруда.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий