CAFA-2022: Тәжікстан жастар құрамасы ауған футболшыларын ірі есеппен жеңді

Тәжікстан жастар құрамасы (U-19) Орталық Азия футбол қауымдастығы (CAFA) біріншілігінде Ауғанстан командасын 4:1 есебімен жеңді.

Аймақ елдерінің біріншілігі осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жастар құрамалары арасындағы чемпионат 5 тамызда Душанбеде басталды. Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан жастар құрамалары жүлделі орындарға таласады.

Тәжік және ауған жастары 6 тамызда Душанбедегі орталық стадионда кездесті.

CAFA-2022 чемпионатының екінші турында Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары тең түсті. Матчта есеп ашылған жоқ.

Үшінші тур ойындары 8 тамызда өтеді. Әуелі Иран және Ауғанстан құрамалары алаңға шықса, одан соң Тәжікстан мен Қырғызстан командалары ойнайды.

Чемпионат 12 тамызда аяқталады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий