Дәл қазір еліміздегі орташа жалақы 191 мың теңге болыпты. Бұл мамандардың келтіріп отырған статистикасы. Ранкинг.КЗ талдау орталығы өңірлердегі орташа жалақы көлемін 3-ші тоқсанда былай деп түзген екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ең көп жалақы Атырау облысында, 361 мың тг. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы 308 мың және үштікті 297 мың теңгемен Маңғыстау облысы түйіндейді. Ал ең аз орташа жалақы Түркістан облысында екен. 123 мың теңгеге жуық. Енді сұрақ туындайды. Әдетте шенді-шекпенділер жалақы аншаға өсті, былтырғымен салыстырғанда мынаншаға жетті деп есеп беруге шебер. Жаңа картадан көрген сандар расымен тұрғындардың әл ауқатына, төлем қабілетіне нарық талабына сай жауап бере ала ма? Былтырғымен салыстырғанда пәленше пайызға өсіп, түгенше нәтижеге қол жеткіздік деп ауыз толтырып сөйлегісі келетіндерге тура сол сарында мәселенің екінші қырын көрсетсек. СНХ
МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ: «191 мың теңгеге өсті деп есеп берген кезде жақсы, бірақ нақты өсім өткен жылмен салыстырғанда 1.8 пайызға ғана өскенін көрсетеді. 1.8 пайыз деген түк емес. Өткен жылдың өзінде нақты жалақының өзі 3 пайызды құраған. Қазір 1.8 пайыз. Жылдың соңында бір 3 пайызға жетіп қалуы мүмкін. Яғни адамдардың нақты жалақысы төлем қабілеттілігі
, тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі 6 ақ пайызға ғана өскендігін көрсетеді. Ал инфляция қанша? Өткен жылы 5.3 пайыз. Биыл 6 пайызға жуық. Ол екеуін қосқанда 12 пайыздан асып жығылады».
Яғни жалақың 6 пайызға артса, 6 пайыз инфляция оны жеп қояды деген сөз. Жалпы орташа жалақы халықтың әл ауқатының көрсеткіші бола алмайды дейді экономистер. Ең көп айлық пен ең төменгісінің ортасын шығара салу әдістемесі ол статистика мамандары үшін ғана қажет. Ал жұрттың нәпәқасына ол өлшем бола алмайды. Қарапайым мысал. СНХ
МАҚСАТ ХАЛЫҚ ЭКОНОМИСТ: «Бізде байлардың саны аз, бірақ олар қатты байып кеткен. Ал орта тап бізде жоқтың қасы. Шындап айтқанда солай. Кедей халықтың қатары өте көп расымен де. Ал енді жаңағы орташа көрсеткішті есептеген кезде бір азамат көршісі млн тг алатын болса, бір азамат көршісі 100 мың тг алады. Ортасын қосады да, 500 мың теңгеден ел күн көріп атыр, тамаша деп есеп бере салады. Бұл енді дұрыс емес қой».
Бізде жалақы, зейнетақы, басқа да әлеуметтік төлемдер өсті дегенше азық-түлік, жанар-жағармай және қызмет көрсетулер қымбаттап шыға келетін үрдіс бар. Оны алдағы жыл басынан бастап тағы көріп қалуымыз бек мүмкін деп мамандар топшылап отыр.