Елордада жүзге жуық адамның өмірін жалмаған көпір бар екенін білесіз бе? Қанды өткелдегі оқиға осыдан 60 жыл бұрын тіркелсе де, сұмдық жайт туралы ақпарат аз-кем. Астаналықтардың басым бөлігі бұл туралы білмейді де. Бірақ, Еуразия бірінші арнасының тілшісі ортасынан опырылып, он емес жүздеген жанның өмірін қиған көпірдегі оқиғаның куәгерлерін өзі іздеп тауып, бейнематериал әзірледі. Қорқынышты фильмнің желісіне бергісіз көріністі көзбен көргендер не айтты? Сюжетте толығырақ!
Армысыздар құрметті көрермендер. Біз, қазір Елорданы сол және оң жағалаумен жалғап тұрған жаяу жүргіншілер өтпелі көпірінде тұрмыз. Бұл көпір Есіл өзенінің бойында орналасқан. Дәл осы көпірдің бойында тұнып тұрған тарихты жасырып тұрғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан, қазір осы тарихты, осы бір оқиғаны бірге анықтап көрейік».
«Не помню я уже. Но знаю что он был. Вот здесь был парк. А люди туда ходили, гуляли. Был фестиваль. Говорят, это был день железнодоржников? Да, был праздник. От туда люди шли, и оттуда люди толпа была большая. И он не выдержал».
НИКОЛАЙ ЕЙБОГСНХ: НИКОЛАЙ ЕЙБОГ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Демалыс күні еді. Ақмолаға «Теміржолшылар күні» қазіргі «Қала күні» мерекесі секілді кең ауқымда аталып өтілетін. Мынау тұрған үшінші көпір. Оның алдында ағаш өтпелі көпір болатын. Нақты қанша адам опат болғанын айту қиын. Себебі, ол оқиғаны ашып айтқан ешкім болмады. Қайғылы жағдайды білетін адамдардың саны өте аз. Тек, жергілікті тұрғындар ғана хабардар».
«Содан бері, 60 жылға жуық уақыт өтсе де, сол оқиғаның жай-жапсарын көпшілік білмейді. Десек те, осы Ақмоланың тұрғындарының сөзінше дәл осы бетоннан салынған көпірдің орнында ағаш көпір болған. Сол кезде «Теміржолшылар».
«Содан бері, 60 жылға жуық уақыт өтсе де, сол оқиғаның жай-жапсарын көпшілік білмейді. Десек те, осы Ақмоланың тұрғындарының сөзінше дәл осы бетоннан салынған көпірдің орнында ағаш көпір болған. Сол кезде «Теміржолшылар» күнін атап өтіп жатқан тұрғындар осы өтпелі көпір арқылы арлы-берлі жүрген уақытта, адамдардың көптігінен көпір шыдамай құлаған деседі.
РОЗА УСАЧЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Сол оқиғаны көзімен көрген анамның айтуы бойынша қайғылы жағдай жексенбі күні болыпты. Күн өте ыстық. Халық сол саябаққа көптеп жиналған екен. Кенет көпір сынып, адамдардың біразы Есілге құлаған. Арасында суға жақсы жүзетін бір ер азамат батып жатқан тұрғындардың көпшілігін құтқарыпты. Бірақ, өзі қайтыс болған. Анам сол оқиғаны есіне алған кезде көзіне жас алатын».
НАДЕЖДА ТЕПЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Все говорили осторожно, осторожно мост уже ветхии. По тише, по тише. Ну как-то ходили дорожка туда, дорожка туда. А это почему то столпотворение было. Народу было тьма-тьмущая. Туда много и туда много. И в результате обвалился. Сначала рухнули перила, а потом провалился мост».
Бұл сұмдық оқиғадан қанша адам опат болғаны әлі күнге дейін жұмбақ қалып отыр. Ал, Совет одағының кезінде бұл оқиға аса бір құпия сақталған көрінеді. Сондықтанда, қазір тәуелсіздік алғаннан кейін оқиғаның куәгерлері сол кезде қайтыс болған адамдардың құрметіне бір ескерткіш тақта қойылса екен деген арман тілектері бар. Ал, бұл жерде қазір оқиғаны еске салатын әзірге ештеңе қалмаған. Тек, Есіл өзені сол көптеген адамдардың тағдырын жалмаған өзен әлі күнге дейін ешкімге сыр ашпай келеді».