КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ НЕСИЕ АЛҒАН

Сенсеңізде, сенбесеңіз де, кәмелеттік жастан бері қарайғы қазақстандықтардың 90 пайызы несие алып көрген. Бұрындары  кредитке  жүгінетіндердің саны ай сайын деуші едік, қазір күн сайын артып келеді.  Халықты сүлікше сорған банктер берген қарыздың 30 пайызы тұтынышулық мақсатқа жұмсалған. Халық ипотека мен бизнесті қойып смартфон, телевизор, тоңазытқышты, тіпті киім алу үшін де несие рәсімдейтін болыпты. Оны қойып тамақтың өзін несиеге алып жейтін күйге жеттік. Сарапшылар, кредитті  оңды-солды таратудың арты жақсылыққа апармайды, керісінше  кедейшілікке алып келеді деп дабыл қағуда!  Қайтпек керек?! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тұтынушылық несие алу рекордтық деңгейден асып түсті. Биылғы 10 айдың ішінде тұрғындар 3,9 триллион теңгеге несие алған. Арифметикаға салсақ, банк берген барлық несиенің 30 пайызы тек тұтынушылық мақсатқа жұмсалыпты. Яғни, жұрт үйіндегі әрбір затты қарызға алған.

ДӘУРЕНБЕК МАЖИТОВ,  ЭКОНОМИСТ: «Әсіресе көп студенттердің алатыны ол жаңағы телефондарды ауыстыру. Қазіргі кезде өкінішке қарай көп студенттердің арасында басқалардың арасында белгілі бір ауру сияқты. Эпидемия сияқты жаңағы пайда болып

Бұл дегеніңіз халықтың айлық табысынан гөрі берешек қарызы көп деген сөз. Бірақ қарапайым халық керісінше тұтынушылық несиенің керектігін мойындайды. Өйткені  айлығы шайлығына жетпейтін жұрт үшін затты алып ап, ай сайын төлеген әлдеқайда тиімді.

-Алғам кредитім бар. Айына енді біздікі пенсиямен есептеледі. 3 жылға 18 мың, 19 мың төлеймін.
-Алдым. ….. телевизор алдым ба. Ай сайын 16 мыңдай төледім.
-Телефон, тоңазытқыш. Оның бәрін өзіміз төледік иә. Бәрін кредитке алдық. Оның бәрін өзіміз төледік. Енді айына бөліп төлейміз ғой. Әр қалай бағасы.

Әлеуметтанушылар  жаппай несие алуды  ғасырлық дертке балайды. Бұл жерде байып жатқан тек банктер, дейді. Ал тиын тебенін несиеге жұсайтын халық  трендке сай болу үшін соңғы үлгідегі смартфон, смарт теледидар мен  өзге де заттарды алуға тырысады. Мұнда маркетингтің де әсері бар.

РАМАЗАН САЛЫҚЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
«Иә шынында да соңғы кездердегі деректерге сүйенсек, Қазақстандықтардың 90 пайыздан артығы бір немесе бірнеше несие алған. Бүгінгі күнде Қазақстандықтардың да басым бөлігі кредиттерінің жартысының көбі азын-аулақ дүниеге бір мысалы телефонға, телевизорға немесе бір киімге жұмсалатынын көріп жүрміз.

Дәл осы несиелер талай ерлі-зайыптылардың ажырасуына да сеп болған. Сондықтан да несиені оңды-солды беру де дұрыс емес, дейді сарапшылар.

НҰРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
«Біз нені ұмытып кетеміз? Жауапкершілікті! Жауапкершілік сіздің мойыңызда, банкке несие бермеңіз деп ешкім айта алмайды».

Есептесек, жеке тұлғалармен жасалған несие келісім-шарттарының саны 13 миллион асып кеткен. Ал  қазақстандықтардың осы уақытқа дейінгі банк алдындағы берешегі 7 трлн теңгеге жетіпті.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий