КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МА, ҚОРЛАУ МА?

Үкімет тарапынан орта және шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 14 млрд теңге бөлінеді екен. Ал, «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсібін көркейтпек болғандар мекемеден 1 жылдан бері ойлаған жеңілдігіне қол жеткізе алмай келеді. Кәсіпкерлер бітпейтін қағазбастылық қажытты деп отыр. Қор өкілдері болса, кепіл затың болса ешқандай қиындықсыз керекті сомаңды алуға болады деуден танбайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өз кәсібін енді ғана дөңгелетпек болған қала тұрғыны Аслан Қаженов дәл осы «Даму» қорының соңынан жүгіріп жүргеніне 7 айдан асыпты. Сондағы мақсат біреу, жеңілдетілген төмен үстемақымен несие алу. Қордың мамандары осы уақыттан бері қағазбастылыққа салып қойды деп ашынады.

АСЛАН ҚАЖЕНОВ, ЖУРНАЛИСТ, КӘСІПКЕР:
«Осы құжатбастылықпен жүрген кезде бізге айтты, бізде мұндай жағдай бірінші рет осындай бизнес план, осындай отказ болған деген сияқты. Бірақ, кейін әлеуметтік желілерде сауалнама жүргіздім біз шынымен де тарихта біріншіміз ба деп. Жоқ осы Дамудан көңілі қалған, бірер ай бірер жыл әбден сандалып, әбден сабылып ең соңында сан соғып қалғандар өте көп екендігіне көз жетіп жатыр».

Әріптесіміз бүгінгі «Даму» қорының өткен баспасөз жиынына арнайы келіп, өткен жылғы жетістіктерін баяндап отырғандарға тосыннан сұрақ қойды.

«Мемлекеттік қолдау неге тек байлар үшін ғана жұмыс жасайды? Жеңілдетілген несие тек қымбат мүлігі бар, істеп тұрған бизнесі бар адамдарға ғана беріледі?».

Кәсібін бастап, қосымша жұмыс орнын ашпақ болғандардың сөзінше, «Дамуға» дамимыз деп келіп, салы суға кеткендердің қатары қалың. Оны 7 айдан бері қордың табалдырығын тоздырып жүрген Аслан Қаженовпен сұхбаттасу барысында білдік. Ал, жеңілдетілген несиені беретіндердің сөзінше шын мәнінде қарыздың үстемақысы екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда анағұрлым төмен-мыс. Бірақ, мұңын шаққан кәсіпкердің мәселесіне, «қарастырайық» дегеннен басқа жауап айта алмады.

ФАРХАТ СӘРСЕКЕЕВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Енді, 20 млн теңгеге дейін, бізде мемлекеттен жыл сайын 14 млрд теңге ақша бөлініп тұрады. Оның пайызы 6 %-ға дейін. + 01:30 Ал, егерде өзіңіздің кәсіпкерліктің кепілдігі жетпейтін болса онда сіз бізге қатыссаңыз болады. Өзіңіздің сұрағыңыз бойынша, өзіміз бөлек қарастырайық, көрейік. Не үшін отказ болғанын».

Шағын кәсіпкерлер бизнесті бастауға белгісіз себептермен қаржы ала алмай жүргенде, «Дамудың» барлық талаптарына сай келіп несие алғандардың көп бөлігі ақшаны берілген мақсатта жұмсамағандығы белгілі болды. Сомасы да аз емес 2 млрд теңге, іріктеуден өткен кәсіпкерлер балабақша, мектеп салуға деп бөлінген қаржыға, тойхана, ойын-сауық орталықтарын тұрғызып тастаған көрінеді. Ал, қарапайым халық мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиенің, гранттың бар екендігінен мүлде бейхабар.

«Естіп жатырмын. Қартайғанда маған ешкім несие бермейді да, мен оны алмаймын да. Рахмет».
«Естігем. Бірақ, толық айта алмаймын».
«Жоқ, білмеймін ол туралы. Ешқандай хабарым жоқ. Алып көргім келеді».
Өткен жылы «Дамудан» берілген несиені белгіленген мақсатқа жұмсамаған 20 кәсіпкер анықталыпты. Олардың барлығының қордан алған займдары қайтарылған екен. Ал, қоғам белсенділері мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны шын мәнінде мұқтаж кәсіпкерге жету процесін бақылауды жергілікті әкімдіктің құзыретіне кіргізу керек дейді.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Бұл салада бұл мәселені біз де көтергенбіз айтқанбыз. Жаңа ашылып жатқан стартап жобалардың оның тәуекелділігі үлкен. Көп стартап жобалардың көбі іске аспай қалуы мүмкін болашақта. + Сондықтан, бұл жерде тек қана сол аймақтың, сол ауылдың, сол ауданның әкімі ол азаматтың негізгі кәсіпкерлік мүмкіндігін біледі.

«Даму» қорының өкілдері несиені алу еш қиындық туғызбайды деген сөзден танбады. Ол үшін саусақпен санарлық критерийлерге сай болсаңыз болды екен. Сондықтан, алдағы уақытта қаржы беру механизмі тұрақты бір жолға қойылмаса, көп кәсіпкер бизнесті бастамай тұрып, бұл салаға енді қайтып беттей алмай қалатын түрі бар.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий