Басынан дау арылмаған Көкжайлау мәселесіне Президент нүкте қойды. Қоғам белсенділері, экологтар мен қала билігі бұл жобаны жасау барысында бір шешімге келе алмай талай талас-тартыс, пікірталас болған еді. Енді бұл атышудлы жоба тек қағаз күйінде мұрағатқа өтетін болды. Оған жұмсалған қыруар қаржының өтеуі кімнен болады? Ол жағы әзірге белгісіз. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Алатаудың бөктеріндегі Көкжайлауға тау шаңғы курорты салынады деген бастама сонау 2013 жылы көтерілген еді. Тау шаңғы базасы 230 гектар аумаққа жоспарланған. Онда 70 шақырым шаңғы жолы мен сағатына 30 мың адамды тасымалдауға арналған 15 аспалы жол салу көзделген. Ал шатқалдың бел ортасынан бір мезетте 10 мың адамға қызмет көрсетуге арналған қалашық бой көтермек еді. Осыншама құрылысты жоба авторлары бірде-бір ағашты кеспей саламыз деп сендірді де. Алайда оған қоғам белсенділері өре түрегелді. Себебі ол қалаға келетін таза ауаны өз қолыңмен жауып қойғанмен тең, дейді.
МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ, ЭКОЛОГ:
«Бір жағынан кіші Алматы, Үлкен Алматының сайы ғой. Соның ортасында үлкен ағаштар өседі. Соның барлығы жиналады да үлкен Алматыға келеді таза ауа. Алматыға кіреді. Екіншіден ол жерде көп өсімдіктер өседі. Осы қызыл кітапқа жазылған хайуандар бәрі сол жерге келіп тамақтанатын»
Экологтар бұл жерге тау-шаңғы курортын салу тиімсіз дейді. Өйткені қар жатпайды. Жоба авторлары қолдан қар жасау үшін тау басына су қоймасын салуды көздеген. Сейсмикалық аумақта орналасқан Алматы үшін ол аса қауіпті. Ақыры жалпы құны біржарым миллиард долларға бағаланған жобаны президент тоқтату туралы шешім қабылдады.
ҚАСЫМЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Мен бүгін бұл жобамен айналысуға тиым саламын. Яғни Көкжайлау тау-шаңғы курортын салуға. Ол керек емес. Оған қарсы барлық кәсіби экологтар мен оған қатысы бар қоғам қарсы шықты»
Жобаның тоқтату туралы шешім қабылданғанын естіген көғам белсенділері бөріктерін аспанға атып қуануда. Дегенмен оның сөз жүзінде емес, құжат жүзінде іске асқанын қалаймыз деп отыр.
ДАНА МЕЙІРБЕКОВА,ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
995202.09 Кеше арманымызға жеттік деп айтуға болады. Бірақ кәдімгідей сөзбен емес, Іле-алаутаудың төңірегіне қайтадан кіргізуге өтінеміз. 02.23))
Талай қызу талқыға арқау болған атышулы жобаға осы уақытқа дейін қанша қаржының жұмсалғаны белгісіз. Мамандар шет елдің куорттарымен танысу үшін талай қаржының ысырап болғанын алға тартуда. Нақты қаншы шығын шыққанын қалалық әкімдіктен білу мүмкін болмады. Ал мамандардың пікірі екіге жарылды.
МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ, ЭКОЛОГ:
«Бір миллиард 600 миллион доллар. Сондай көлемде жасаймыз деген. Сұмдық қойСоның бір пароценті болса и то 16 миллион доллар болып кетеді»
ДАНА МЕЙІРБЕКОВА,ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«менің есутімше 8 миллиард теңге кетті. Садақ деп айтайық енді не дейміз»
Жалпы құны 1,5 миллиард доллар болатын көкжайлау жобасының құрылысы 2014 жылдың соңына қарай басталып, 3 жылдан кейін пайдалнуға беру көзделген. Қоғамның қарсылығына тап
болғандықтан талай мәрте кейінге шегерілген болатын. Ақыры табиғат жанашырлдарының жеңісімен аяқталып, жоба мүлдем тоқтатылды.