КӨРІПКЕЛДЕР АЛДАҒЫ ҚЫСТЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН БОЛЖАДЫ

Еліміздің оңтүстігінде мүлде қар жаумайды. Бірақ бұл құбылыс 50 жылдан кейін болмақ. Адам тағдырларын қойып, табиғатқа болжам жасауға кіріскен көріпкелдердің сөзі бұл. Өздерін тылсым күш иелері санайтын жандар, биылғы қыстың қалай болатынын да болжап берді. Ал синоптиктер не дейді? Бір айдан соң басталатын қыс бірден қаһарына міне ме, әлде ауаның райы жылы бола ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Биыл Арқа мен солтүстік өңірлерде күз жылдағыдан жайлы, жылы болды. Соған қарағанда қыс та қатты мінез таныптайтын болар. Осы аймақтарды қоныстанған жұрттың аузынан бұл күнде осындай пайымды жиі еститін болдық. Расымен, қазан басталса болды бүрсең қағып, қарашада белуардан қар кешіп жүретін жұртқа көптен бері мұндай жылы ауа-райы таңсық болғаны рас. Ал, жұлдыз-жорамалшының болжамы қандай? НҰРҒАБЫЛ ҚОЗЫБАЙ, ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛШЫ: «Қазақ айтады егер жапырақтар ерте түсетін болса, қыс ерте басталады. Биылғы жылы ерте түсіп жатыр, қыркүйек айынан бастап қаптап кетті! Бірақ, басқа да болжамжары бар, осының бәрін зерттейітін болсақ, бірақ дәл қазір құрт-құмрысқалар ініне кірген жоқ жердің бетінде жүр, ерте болмайды, қыс кеш басталады! Жаз ыстық болды сарғайып ерте түсіп кетті! Демек күз созылады, қыс кештеу басталады!» 30 жылдан бері табиғатпен тілдесіп жүрген Нұрғабыл Қозыбайдың сөзінше, ата-бабаларымыз бұрындары жан-жануарлардың жүріс-тұрысына қарай ауа-райын біліп отырған. Мәселен, қотандағы қой бір бағытқа қарап жайылса, кешікпей боран соғады. Күн құлақтанып батса, ауа-райы оңалуға тиіс секілді мысалдар мыңдап кездесетінін білеміз. Тылсым күш иелерінің де алдағы қысқа қатысты болжамы бар. Гүлнәр Жүсіпованың айутынша, славяндардың наным-сеніміне сай қыс пен күздің кездескен сәті Покров мерекесінде қар жаумаған. ГҮЛНӘР ЖҮСІПОВА, КӨРІПКЕЛ-ТАРОЛОГ: «14 қазан күні қар болмады, тіпті Ресейде де қар жауған жоқ! Сол себепті, наным сенімге байланысты қыс жылы болады. Менің болжамыма сәйкес, қыс әлде қайда жылы болады, тек қаңтардың ортасы суық болса, қыс қаһарына ақпан айында мінеді. Дегенмен ауа райы жылынады деген сөз емес. Өйткені, кейінгі екі жыл Қазақстан үшін суық болмақ». Десе де синоптиктер күн райына қатысты бақсы-балгерлердің болжамына илоанудың қажеті жоқ дейді. Одан да, метерологиялық стансалардың мәліметіне құлақ асқан дұрыс деп есептейді. ЖҰЛДЫЗ ИСАБЕКОВА, ҚАЗГИДРОМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: «Қараша айында Қазақстанның басым бөліігінде нормада 1 градустан жоғары! Ең суық ауа-райы ақпан айында күтіледі! Карск теңізінен суық ауа массалары Қазақстан аумағына жиі өтеді. Сондықтан да төмен болжанады». Бұған дейін ғалымдар жаһандық жылыну жылдамдығына есептеп, алдағы 30 жылда Солтүстік мұзды мүхитта мұз толығымен еріп кететінін болжаған еді. Оның салдарынан жер бетінде түрлі климаттық өзгерістер болатынын да айтқан. Ал тылсым күш иелерінің, яғни бақсы-балгер, жұлдыз жорамалшылардың айтқандарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий