МҰҒАЛІМ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ: ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ

Бұдан былай мұғалімдерге дөрекі сөз айтып, интернетке ұстаздар туралы жалған ақпараттар салсаңыз жазаға тартыласыз. 31 желтоқсанда қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңда осындай норма бар. Сондай-ақ, биылдан бастап білім саласының қызметкерлері сенбіліктен, сайлау, санақ жүргізу, жалпы өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатылады. Бірақ, бір ғана заңмен мұғалімнің мәртебесін көтере аламыз ба? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» К/Ф
«Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны салатын. Ол шамшырақ. Тек жаға білу керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым».

Бұрын заң қабылдамай-ақ, Рахманов ағай сияқты мұғалімдердің мәртебесі биік болатын. Қазір керісінше, ұстаздардың теріс қылықтарын көріп, оны жариялауға дайын тұрады қоғам.

Бүгінде колледждерде, жоғарғы оқу орындарындағы педагогика мамандығында білім алып жатқан студент көп. Ұстаздықты қаламаса да диплом үшін оқып жатыр көбі. Мұғалімдікті — жалақысы аз, жұмысы көп мамандық деп түсінеді екен.

-Мұғалім болғың келе ме?
-иә, тұрақты жұмыс.
-Қандай пәннің ұстазы болар едің?
-Ән-күй.

-Мұғалім болғым келмейді. Өйткені, қазір мұғалімдердің мәртебесі дұрыс бағаланбайды.
-Ата-аналар кінәлі
-Қазір мұғалім бар ма өзі? Компьютерден оқиды ғой балалар.Оған министр, жоғары да отырғандар кінәлі
-Мұғалім білім береді, ал тәрбиені үйде ата ана береді.
-Заңды қатайту керек.

Соңғы жылдары «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы қоғамда да, Парламентте де біраз талқыланды. Осылайша, 31 желтоқсанда құжатқа қол қойылды. 21 баптан тұратын заңда мұғалімдердің жүктемесін азайтып, жалақысын көтеру, міндетіне жатпайтын жұмыстардан босату, ата-аналар тарапынан айтылатын әдепсіз әрекеттерден қорғау, еңбегі мен жетістігіне қарай қосымша еңбекақы мен сыйақы беріп ынталандыру, әскери қызметке шақыруды кейінгіге қалдыру мәселелер қамтылған.

АЙМАН ДҮЙСЕНБАЕВА ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
«Заңға байланысты интернеттің өзінде мұғалім туралы дөрекі нелер жіберілсе солар қазір жазаланатын болады».

Білім министрлігінің өкілдері барлығы заңда жазылған, дейді. Ал сол заң ұстаздардың қолында бар ма? Ата-аналар оқып жатыр ма? Қайдан қарайды? Брошюра, жинақ ретінде не әлеуметтік желіде неге таратылмайды деген ой келеді. Айтпақшы, биыл педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсіп, төрт ішінде екі есеге дейін артады екен. Осы мақсатқа 5 трлн 3 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр. Ол енді басқа тақырып.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий