МҰХТАР ТАЙЖАН: НЕГЕ «АУЫЗАШАРДЫ» «ИФТАР» ДЕЙМІЗ?

Орыстандыру саясатынан қалжырап болса да аман шыққан қазақтың басына тағы күн туу мүмкін бе? Саясаткер Мұхтар Тайжан арабтандыру жобасының құрбаны болудан сақтану керекпіз дейді. Ұзақ жылғы атеистік көзқарастан арылған қоғам үшін дін соңғы 30 жылда жоғалғанмен қайта қауышу іспетті болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Саясаткер Мұхтар Тайжан қарапайым пенде ретінде дін туралы ойланған екен. Неге бүгінгі кей мұсылман «құдайға шүкір» дегеннің орнына «машалла, ал «ауызашарды» «ифтар» деп жүр деп толғанады. Құдыреті күшті Алла адамды қай тілде де сөйлесе ұғады емес пе деген сұрақ қояды. Қоғам белсендісінің жазбасынан бір тілім үзінді тыңдайық.

«Мәселе мынада. Қазіргі таңда замануи исламизацияны пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырып отыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді. Сонда Яссауи, Бұқар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе? Жоқ, әрине. Біз орыстандыру саясатынан әрең аман қалып, енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз жөн. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғады дегенге сенемін. Өйткені Алла адамды кез келген тілде түсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек».

САЯСАТКЕР, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ МҰХТАР ТАЙЖАННЫҢ ФЕЙСБУК ПАРАҚШАСЫНДАҒЫ ЖАЗБАСЫНАН ҮЗІНДІ

Бұл үрдіс жайында сұрап, дінтанушыны әңгімеге тарттық. Тәжірибелі маман бұл үрдіс біздің ұлтқа тән еліктеушіліктен болуы мүмкін деген ойын ортаға салды.

АЙНҰР ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Ислам қазақ жерін келгеннен бастап сөз ассимиляцияға ұшырап, қазақтың тіліне икемделіп, бейімделе отырып сондай өзгеріске ұшырап отырған. Ол біздің төл мәдениетімізге жақын ба деп есептеймін. Осы ретте әрине қазақтың өзінің төл мәдениетінде қалыптасқан мағынасында дыбысталуында пайдаланса дұрыс деп есептеймін».

Парламент қабырғасында келелі мәселелерге қатысты пікірін бүкпей айтатын сенатор Бахтиярұлы дін әуел баста әркімнің сенген құдайымен жеке байланысы екенін жеткізді. Сондықтан, әр нәрсенің ара жігін ажырата алуымыз керек деген пікірде.

МҰРАТ БАХТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Дін өте нәзік нәрсе ғой. Сондықтан бір елдің әдет-ғұрып, салт дәстүрін бізге әкеліп теңеу мүлде дұрыс емес. Ол сөздер не сыртқы киім болатын болса, біздің өзіміздің қазақи дәстүрлеріміз бар. Біз осымен жүруіміз керек. Ал дін, ислам ол әр адамның жүрегіндегі дүние ғой. Сондықтан сөздерге еліктеп, араб сөздеріне еліктеп, киіміне еліктеу ол әсірешілдік деп есептеймін».

Құдайға сеніп, намаз оқу, мұсылман болу — қасиетті Құранда парыз саналады. Бірақ, онда араб құсап киін, соның тілінде сөйле деп жазылмаған. Ал, Мұхтар Тайжанның пайымына қатысты діни басқармадағылар не дейді екне деп орталыққа бас сұқтық. Тәжірибелі мамандар мұндай жағдайдың барын біліп отыр. Және Құраннан мынадай мысал келтірді.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ҚМДБ НАСИХАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
«Бауырым» деген бізде қазақта сөз бар. Әдемі, керемет сөз! Оны бірақ аударып «ахи» деген сияқты, қыз балаға «ухи» деген сияқты. Өзіңіз айтқан «ифтар» дегенді бізде «ауызашар» деп айтады. Қазақтың ұғымында қалыптасқан сөздер. Оны ауыстырғаннан пайда жоқ. + Құран Кәрімде айтады ғой: «Біз сендерді ұлыс-ұлыстарға бөлдік дейді. Ұлт-қлттарға бөліп жараттық дейді. Оны олай жаартудағы мақсат әр ұлттың өз мәдениеті бар, тілі бар дәстүрі бар деген сөз. Яғни, егер адам тілінен, дәстүрінен, мәдениетінен айырылатын болса, ол өткенінен айырылған болып саналады. Сондықтан тіліне, шама келгенше тазалығына мән берген дұрыс».

Анық осылай жазылып тұрса кей мұсылмандар неге шатасып жүр. Тілші өз ойын, көзқарасын ортаға салып жіберді деп кей кісілер кінә артпасын деп дін мәселелерін зерттеп жүрген орталықтың да сарапшыларын тыңдадық. Еліктеудің себебі мен салдары жайында
біліңіз.

ЕРХАН ТАЛҒАТҰЛЫ, ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Кейбір мұсылман бауырларымыз араб тіліне, дінге деген махаббат эмоциясындіни білімсіздікпен ұштастыру болып жатыр. Бұның негізі дұрыс емес. Түрлі мемлекеттер болса оның тілі де әртүрлі болады. Осыны білген ата-бабамыз өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп айтып кеткен. Тіл мәселесі болады. Кей бауырларымыз әнұранды мойындамай жатыр. Көк туымызды мойындамай жатыр. Сондай-сондай әсерлерге апарады».

«Уақыт пен ұлттың өз сүзгісі бар» дейді мамандар. Өзгенің тілінен кірген кей сөз қазір таңсық болғанымен кейін қолданыстан түсіп қалуы мүмкін екен. Иә, бұл пікірмен келісуге болады. Ал санасына теріс ағым сіңіп кеткендерді қайтсе керек? Олардың сүзгісін, көкірек көзін ашу үшін уақыт емес, нақты әрекет қажет сияқты.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий