Жәбірленушінің күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақша және құжаттар ұрланған.
Павлордарда мешітке келген жамағаттың киімдерін ақтарып, ақша мен бағалы заттарын ұрлап жүрген 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға жергілікті мешіттердің біріне барып жүретін екі адам арызбен жүгінді. Олардың айтуы бойынша, белгісіз адамдар мешіттің киім ілетін орындарында күртешенің қалтасынан ақша, банк карталарын және басқа да бағалы заттарды ұрлап кеткен.
— Жәбірленушінің күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақша және құжаттар ұрланған. Бірнеше күннен кейін полицияға ұқсас арызбен тағы бір адам жүгінді, оның айтуынша, жергілікті мешіттердің бірінде оның барсеткасын, 15 000 теңге ақшасын қолды еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 1994 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.
Тергеу барысында қаскүнемнің мешітке кіріп, келушілердің аңқаулықтарын пайдалана отырып, кіре берісте тастап кеткен сыртқы киімдердің қалтасынан ұрлық жасағандығы анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер оның облыс орталығы аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстығын тексеруде. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.