Новости на Newstaraz.

Мешітке келушілердің заттарын ұрлаған 23 жастағы павлодарлық жігіт ұсталды

newstaraz.kz

Жәбірленушінің күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақша және құжаттар ұрланған.

Павлордарда мешітке келген жамағаттың киімдерін ақтарып, ақша мен бағалы заттарын ұрлап жүрген 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға жергілікті мешіттердің біріне барып жүретін екі адам арызбен жүгінді. Олардың айтуы бойынша, белгісіз адамдар мешіттің киім ілетін орындарында күртешенің қалтасынан ақша, банк карталарын және басқа да бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Похожие статьи

— Жәбірленушінің күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақша және құжаттар ұрланған. Бірнеше күннен кейін полицияға ұқсас арызбен тағы бір адам жүгінді, оның айтуынша, жергілікті мешіттердің бірінде оның барсеткасын, 15 000 теңге ақшасын қолды еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 1994 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.

Тергеу барысында қаскүнемнің мешітке кіріп, келушілердің аңқаулықтарын пайдалана отырып, кіре берісте тастап кеткен сыртқы киімдердің қалтасынан ұрлық жасағандығы анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер оның облыс орталығы аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстығын тексеруде. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »