Мысырда мумияға айналған төрт метрлік қолтырауын табылды (фото)

Олардың бұл жолы қолына мумияланған алып қолтырауын түсіп отыр. Алдын ала зерттеу нәтижелері мақұлықтың ұзындығы 4 метр болғанын дәлелдейді.

Мысыр елінің Кена провинциясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар тобы ойламаған олжаға кезікті деп хабарлайды Muslim.kz.

Мумияланған мақұлық денелері Ніл өзенінің шығыс жағалауындағы Наг-Хаммади ауданынан табылған. Айта кетейік, бұл жерде перғауындарға жақын адамдардың, лауазымды тұлғалардың мазары орналасқан.

Мазар басын зерттеу кезінде бальзамдауға арналған құрал-саймандар, сондай-ақ мумияны жерлер алдында ораған кенеп маталар табылған.

Археологтардың айтуынша, төрт мертлік алып қолтырауын египеттіктердің ерте замандағы су құдайы Себек болуы мүмкін. Жергілікті халық сенімінде су құдайы қолтырауын сұлбасында болған көрінеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий