Новосібірде жанармай құю бекетіндегі жарылыстан үш қырғызстандық зардап шекті (видео)

Ресейдегі Новосібір қаласында жанармай құю бекеті жарылып, кем дегенде үш қырғызстандық зардап шекті.

Үш қырғызстандықтың бірінің денесінің жиырма пайызы күйіп қалған. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған екеуінің денесінің 5-7 пайызын күйген.

Өрт пен жарылыс салдарынан бекет маңында орналасқан кафе, автокөлік шинасын монтаждау пункті қираған.

Алдын ала мәлімет бойынша, дүйсенбі күні күндіз болған жарылыстан барлығы 35 адам зардап шекті. «Интерфакс» мәліметіне қарағанда, газ сақтайтын бірнеше резервуар жарылған. Онда қауіпсіздік ережелері сақталмаған делінеді. Өрт шамамен 1200 шаршы метр ауданды алған. Соның салдарынан бекет маңындағы бірнеше автокөлік өртеніп кетті.

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий