ОҚУШЫЛАР ДАЛАДАҒЫ ДӘРЕТХАНАҒА БАРЫП ЖҮР

Алматы облысында тұтас бір ауылдың балалары аядай мектептің дәлізінде сабақ оқиды. Өйткені, төрт кабинеттен тұратын ғимартта орын жоқ. Бастауыш кластың оқушыларына арналған білім ошағында спорт зал, акт залдан бөлек асханада жоқ. Бүлдіршіндер қыстың қақаған аязында даладағы дәретханаға баруға мәжбүр. Көмір жағады. Ол аз болса, жоғары сыныптар сегіз шақырым жердегі көрші ауылға қатынап білім алады. Бәрі компьтерленген жүйеде мұғалімдер қалай дәріс беріп жүр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тарихы ширек ғасырға жуықтаған мектептен кезінде Еңбек ауылының үлкен қариялары түлеген. Сол кезде аты дүркіреп, стандартқа сай болыпты. Алайда, ел тәуелсіздігін алғалы жөндеуден өтпеген. Аядай төрт кабинет сексенге жуық оқушыға білім береді. Тұтас елді мекеннің бастауыш сынып балалары сыймай, дәлізінде дәріс алады. ГҮЛХАН МАХАЙ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Бірінің үстінен бірі оқиды. Тығыз оқиды ше. 01.37 Бізге столовый керек. Акт зал, спорт зал керек балалары керек. Концерт өткізейік десек, бір біріміздің артында сығылып тұрамыз. Мына мұғалімдердің үйреткенін көрсетіп, ата-аналарды қуанта алмаймыз ғой». Қыста терезесін жамайды. Көмір жағады әйтеуір итшілеп ішін жылытады. Онда да ата-аналардың көмегімен бәрі. Даладағы дәретханасын да ауыл жұрты ақша жинап соғып берген. Медбикесі бар деген аты, бөлмесі жоқ. Концерттер мүлдем болмайды, акт зал, спорт зал арман. Ауылдың жоғары сынып оқушылары тоғыз шақырым жердегі мектепке қатынайды. Білім- ине мен құдық қазғандай бұлар үшін. ОРАЗХАН ЖЫРТАНОВА, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 9992//00.46 «Жолда балалар жоғалып кетеді. Зорлап кетіп жатыр. Бұрынғы заман емес. Автобус жоқ. Бір күн келсе, бір күн келмейді. Боранда жаңбырда балалар екі ортада дірдектеп, осы балаларды аяп үкімет мектеп салып берсе». ГҮЛНАР БЕЙСЕНБЕКОВА ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Туалетті Еңбек бәрі жабылып өздері салған. Мынаның ішін келіндеріміз ақтайды. Бала үшін. Ремонтты өздері жасайды. + 00.33 Неге сіздер мектепке ақша жинап істейсіздер? Енді жетпейді ғой. Балаларымыз ескі школда нетпесін деп өздері ақтайды». Есесіне, білім ошағының жан-жағы бейнебақылауға толы. Күнделік-кз шыққалы мұғалімдер телефонмен баға қоюға көшкен. Компьютерге байланған заманда интернеттері де күнде өшеді. Он оқытушыға директор да тағайындалмаған. Көпбалалы отбасылар тегін тамақты атымен білмейді. Мектептің дәлізінде парта тұр. Дене шынықтыруда оны жинап, осында жүгіртеді оқушыларды. АЛЬМИРА КУДЕРИНА, №33 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ҚЫЗМЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ «Дене шынықтыру сабақтары іште коридорда өтеді. Үйірме факультатив сабақтары осында өтеді. Ешқандай мүмкіндік жоқ. Кабинет тарлығына байланысты». Ауылға журналистер келеді дегенді естіген шенеуніктер де тайлы-тұяғымен жүр мектепте. Жұрт өмірі түрін көрмеген мамандарға жылда ремонтқа бөлінетін қаржы қайда деп сұрақтарын төтесінен қойды. Өйткені, әбден ақша жинап шаршаған. ҚАЛАМҚАС СӘРСЕНБАЕВА, ІЛЕ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ «Бізге ақша бөлінген жоқ дейді ғой. Бөлінген жоқ дейді. Енді сізге қай маман жауап бергенін білмеймін. Бірақ, жыл сайын бөлініп тұрады. Ағымдағы жөндеу жұмысына жүргізіледі. Ата-

аналар жүргізуге міндетті емес. Бірақ біз жүргіземіз». Бірақ, бұл мектепті қанша жөнге келтірсе де, қазір үлкейетін түрі жоқ. Білім бөліміндегілер осы ауылдың ортасынан үш гектар жер телімі бөлінді дейді. Тек жобалау сметалық құжаттары жасалу үстінде. Содан кейін ғана қаражат қарастырылады. Оған дейін оқушылар дәлізде дәріс алып, көрші ауылға жаяу қатынай тұрсын деді.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий