Қорықты тексеруге шыққан орманшылар екі күн бойы далада адасып жүрген

Фото: sputniknews.kz

Орман шаруашылығының екі қызметкері Ақсу-Жабағылы қорығында боранға тап болып адасып кетті Орманшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Ақсу-Жабағылы қорығын бақылау үшін жоспарлы рейдке аттанған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Әріптестері іздеп-іздеп таппаған соң, бір тәуліктен аса уақыт өткеннен кейін орман шаруашылығының басшылары құтқарушылардан көмек сұрайды. Орманшылармен телефон арқылы байланысып отырса да, қарлы боранның салдарынан табу мүмкін болмаса керек.

Жоғалып кеткен азаматтарды іздеуге төрт құтқарушы арнайы көлікпен аттанды. Орманшылардың болуы мүмкін жерге жеткен соң, GPS бағыттаушысының көмегімен оларды тауып алады. Жігіттердің хәлі қанағаттандырарлық деңгейде болған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий