Погонды арулар арасында волейболдан және Макаров тапаншасынан атудан жарыс өтті

8-Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, Шымкент қаласы полиция департаментінің қыз-келіншектері арасында «Динамо» спорт кешенінде волейболдан және Макаров тапаншасынан атудан жарыс өткізілді.



Жарыс Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасымен ұйымдастырылды. Сайысқа 8 команда қатысты. Полиция департаментінен 3 құрама команда және Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандық басқармаларынан 5 құрама команда қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасының бастығы полиция полковнигі Бақтияр Есжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі. Жарыс тартысты да қызықты өтті.

Нәтижесінде, 1-орынды Тұран аудандық полиция басқармасының құрама командасы иеленсе, 2-орынды Шымкент қаласы полиция департаментінің аппараты жеңіп алды, ал 3-орынды Абай аудандық полиция басқармасының құрама командасы алды.

Сондай-ақ, Макаров тапаншасынан ату жарысында жекелей сынға түскен қыздар арасында І-орынды Тұран АПБ ЖПҚБ КТІЖБ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Денеева иеленсе, ІІ-орынға Еңбекші АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы А.Амирова және ІІІ орынға ЖҚАЖ инспекторы Г. Гильмутдинова ие болды. Ату жарысында командалык сайыста 1-орынды Еңбекші АПБ, 2-орынды Тұран АПБ, 3 орынды ЖПҚ ППП жеңіп алды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий