ПОЛИЦЕЙЛЕР КІСІ ҚАҒУДА

Батыс Қазақстан облысының полицейлері кісі қағудан көш бастап тұр. Бір айда осы саланың үш қызметкері жол апатын жасап, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Араққа сылқия тойып алған учаскелік инспектордың көмекшісі 29 жастағы келіншекті қағып, 4 бала жетім қалды. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар облыстық полиция департаменті басшысы Махсудхан Аблазиимовтың отставкаға кетуін талап етуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өңірдегі полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттері жергілікті тұрғындарды әбден ашындырып отыр. Құқық қорғау органының өкілдері өздері заңды жиі бұзады екен. Жуырда, облыс орталығында учаскелік инспектордың көмекшісі 29 жастағы әйелді қағып, соңғы қайғылы аяқталды. 4 бала жетім қалды, ең кішісі екі жаста, үлкені 11-де. Ең қызығы, мас болып, кісі қаққан полиция қызметкері оқиға орнында сот-медициналық сараптамадан бас тартқан.

Бұл бірінше рет емес. Соңғы 20 күннің ішінде 3 рет полицейлердің қатысуымен 3 жола апаты болған. Бірінде бағдаршамға өтіп бара жатқан 19 жастағы бойжеткенді қағып кетсе, Тасқала ауданында тағы бір инспектор 56 жастағы азаматты соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал соңғы үшінші оқиға трагедиямен аяқталды. Қоғам белсендісі Айболат Букенов тәртіп сақшыларының заң бұзушылықтарын департамент басшысына бірнеше рет мәлімдеген. 92 оқиғаның өзі куәсі болған. АЙБОЛАТ БУКЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

«Полицейлер мұны неге істейді. Себебі, өздерін ұстайтын кісі жоқ. Сондықтан кешегі жағдай болды. Өздері ішіп алады. Ешкімнен қорықпайды. Содан кеше әйел қайтыс болып, 4 бала анасыз қалды». Осындай келеңсіздіктерден соң қазір батысқазақстандықтар облыстық полиция департаменті басшысының отставкаға кетуін талап етуде. АЙБОЛАТ БУКЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ «20 күннің ішінде 3 қызметкер кісі қағып кетті. Біреуі қайтыс болды, екеуі ес-түссіз жатыр. Жалпы, Аблазимовтың орнына темірдей тәртіп орнататын адам керек.

Екіншіден, БҚО-дан болу керек. Аблазимов командасымен келді, орынбасарларының біреуі де облыстан емес». Айболат Букеновтың осындай мәлімдемесінен соң облыстық полиция департаментінің басшысы да біздің арнаға сұхбат беретін болған. Алайда, Аблазимовтың орнына ресми өкілі сөйледі. Олар қоғамда полиция қызметі туралы теріс көзқарас тудырғаны үшін блогер Айболат Букеновке өз талаптарын қойып отыр. БОЛАТБЕК БЕЛГІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Азамат Букеновке 15 желтоқсанда ескерту берілді. Ол 10 күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде Полиция қызметіне байланысты

жалған ақпарат бергеніне қатысты түсініктеме беруі тиіс. Егер олай болмаған жағдайда Полиция департаменті сотқа жүгінетін болады». Аты дардай Полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов бұған дейін де тәртіп бұзды деген айыппен Айболат Букеновті сотқа беріп, оған өзінің қол астындағы қызметкерлерді куәгер еткен болатын. Енді әлеуметтік желіде өңірдегі полиция қызметкерлерінің жол апатын жасағанын жазғаны үшін Айболат Букенов жазаламақ. Айтпақшы, жергілікті тұрғындар Аблазимов өз еркімен отставкаға кетпесе, Ішкі істер министрі мен Президентке де хат жолдаймыз деп бекініп отыр.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий