РАИСА МҰХАМЕДИЯРОВА ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 81 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Раиса Мұхамедиярова өмірден озды. Өзінің тиабиғи сұлулығымен миллиондарды тамсандырған актрисаны қазақтың Джина Лоллобриджидасына теңеген. Жас актрисаға кезінде классик жазушы Ғабит Мүсірепов тың өзі ғашық болып, үйленген. Раиса Мұхамедиярованың кинодағы алғашқы қадамы «Ән шақырады» картинасына түсуден басталған. Студент кезінде кездейсоқ киноға келіп, ақыры бар өмірін соған арнаған. «Ән шақырады» фильмінде жүргізуші қыздың ролін сомдаған Картина үлкен экранға шыққаннан кейін актриса бірден көпшілікке танылды. Ондаған киноларға түсіп миллиондардың жүрегін жаулады. Раиса Мұхамедиярова 1939 жылы бұрынғы Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі өз өмірін кино саласымен байланыстырған. «Балалық шаққа саяхат», «Найза тас» сында ондаған картиналарға түсіп, көпшілікек кеңінен танылды. АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ: «Бірден құлпырып жақсы жағынан көрсетті. Дарынды адам ғой. Өзінің оқып жүрген институтында да жақсы. Сол біздің киноға келіп өнерге ауысты». Сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар тетрында да еңбек етіп талай ролдерді тамылжыта сомдаған. Әріптестері өз ісіне шынайы берілгенімен қатар, шаншылдықты жаны сүйетінін айтады. Ботагөз, Ұлпан сынды үлкен рольдерді сомдап көпшіліктің көзайымына айналған. ҒАЗИЗА ӘБДІНӘБИЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ: «Ботагөзді қалай ойнады. Көзі тура қарақаттай мөлдіреп, мойылдай болып тұратын. Өзі де үлкен жағы іске актерлік шеберлігі туралы бір мектеп бітірмесе де Шет тілдер институтын бітірген. Білімді өте өте ыждаһатты, өте жауапкершілікпен келетін жұмысына. Аяғына дейін жасайтын жұмысты». Қазақ киносындағы көрікті актрисалардың бірі Раиса Мұхамедиярованы Джиной Лоллобриджидоға теңеген. 1964 жылы 23-тегі актрисаға 62 жастағы классик жазушы Ғабит Мүсірепов ғашық болып, екеуі отбасын құрған. Актрисаның еңбегі көзі тірісінде лайықты бағасын

алды. Марқұммен қоштасу 7 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий